Халі ауыр науҚастыҢ тӨсек-орын тыстарын ауыстыру
56. ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ ТӨСЕК-ОРЫН ТЫСТАРЫН АУЫСТЫРУ
(ұзынынан жасалатын әдіс)
Науқастың төсек тәртібін сақтау жағдайларында егер оған төсекте аударылуға рұқсат берілсе, ұзынынан ауыстыру әдісі қолданылады.
Мақсаты: төсекте жатқан науқасқа жайлы жағдай жасау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке басының гигиенасын сақтау,төсек жаралардың, төсек тыстарының кірлеуінің алдын алу.
Қажеттілерді дайындау: таза ақжайманы, ластанған төсек орынды салатынклеенка қапшықты, қолғапты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
2. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Науқасқа ескертіңіз және келісімін алыңыз.
4. Қолыңызды жуып,кептіріңіз.
5. Таза ақжайманы бүкіл ұзындығын бойлап ортасына дейін шиыршықтап бүктеңіз.
6. Науқастың басын көтеріңкіреп, оның астынан жастықты алып тастаңыз.
7. Ақжайманың шеттерін матрацтың астынан айнала шығарып алыңыз.
8. Кереуеттің шетіне қарай абайлап науқасты жылжытып, оны бір қырына аударыңыз, осы қалыпта қалдырыңыз.
9. Лас ақжайманың бос қалған бөлігін бүкіл ұзындығы бойынша науқасқа қарай шиыршықтаңыз (яғни төсек бойына).
10. Ұзынынан бүктелген таза ақ жайманы төсектің босаған жеріне төсеңіз.
11. Науқасты арқасына аударып, содан кейін екінші қырына аударыңыз, сөйтіп ол таза ақжайманың жарты бөлігінде болуы керек.
12. Лас ақжайманы науқастың астынан жинап алыңыз, оның орнына таза ақжайманың екінші жартысын жайыңыз.
13. Таза ақжайманы жазыңыз, ондағы қыртыстарды тегістеңіз.
14. Ақжайманың шеттерін матрацтың астына қайырыңыз.
15. Науқастың басының астына жастықты қойыңыз және оны көрпемен жабыңыз.
16. Лас ақжайманы төсек-орын тыстарына арналған клеенкалы капқа салып, шаруашылық медбикесіне тапсырыңыз.
17. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|