Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Дәрілік препараттарды қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.Содержание книги
Поиск на нашем сайте
2.Дәрілік препараттарды қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз. 3.Дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (дәрінің атын, мөлшерін (дозасын) сақталу мерзімін оқыңыз). 4.Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз). 5. Науқастан мәлімет алыңыз (дәрі-дәрмектерге аллергиясы бар жоқтығын анықтаңыз) 6.Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті ақпарат беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. 7.Қолыңызды жуып, антисептикпен өңдеңіз. 8.Капсуланы немесе таблетканы ораудан босатып алыңыз немесе оның қабынан (конвалютадан) қайшымен кесіп босатып алыңыз. 9.Науқастан ауызын ашуын сұраңыз. 9.Дәрігердің тағайындаған дәрмектің бірін (таблетканы, капсуланы, дражені немесе пилюланы) науқастың тілінің түбіріне салыңыз. 10. Дәрілік препаратты аз мөлшердегі сумен ішуін қадағалаңыз (дәрі-дәрмекті қабылдағанына көз жеткізіңіз). Ескерту: - Таблетканы науқастың жұтынуы қиын болса, онда оны үлкен көлемдегі таблетканы жартылай (2 бөлікке) бөліп беруге болады; (тіпті жұта алмайтын болған жағдайда, оны ұнтақтап беруі қажет); - Дражелер, капсулалар, пилюлалар өзгермеген түрінде қолданылады.
25. АМПУЛАДАН ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ СОРЫП АЛУ Максаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу. Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, мақта шариктерін, қолғапты, дәрілік ерітіндісі бар ампуланы, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, лотокті, 70% спиртті немесе ылғалданған арнайы спиртті салфетка, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгори гмі: 1. Дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы жазбамен салыстырыңыз. 2. Дәрілік препараттың атын, оның қоюлығын және дозасын көңіл қойып оқыңыз, ерітіндінің сақталу мерзімін және мөлдірлігін сыртқы түрі бойынша тексеріңіз. 3. Бетперде киіңіз 4. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз. 5. Бір рет қолданылатын шприцтің бүтіндігін тексеріңіз. 6. Сол қолға ампуланы алыңыз, оны сәл сілкіңіз, ампуланың мойнындағы дәрілік ерітіндіні кең бөлігіне түсіріңіз. 7. Ампуланың мойнын спирттелген мақта шаригімен жоғарыдан төмен қарай қозғалыспен тазартыңыз. Қолданылған мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 8. Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен азырақ кесіңіз. 9. Мақта шаригін алып, ампуланың мойнын онымен орап алып, кескен жерді сүртіп, ампуланы ашыңыз, оны жылдам қозғалыспен өзінен сындырыңыз. Ампуланың сынығын және пайдаланған мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 10. Сол қолдың II және III саусақтары арасына ашылған ампуланы алыңыз. 11.Оң қолға құрастырылган шприцті алыңыз. II саусақпен-иненің канюласын, I, III, IV - цилиндрді, V - поршенді ұстаңыз. 12. Инені абайлап ампулаға 0,5 мм ұзындыққа оның шетіне тигізбей енгізіңіз, сол қолдың IV саусағы канюляда, ал I және V саусақтарғы цилиндрде. Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз, қадағалаңыз, ине үнемі ерітіндіде батырулы болуы керек. 13.Шамамен сұйықтың азаюы бойынша ампуланың түбін жоғары көтеріп дәрілік ерітіндіні ақырын сорып алыңыз. 14.Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигізіңіз. Бір рет қолданылатын инемен жұмыс істегенде, ораудағы басқа залалсыздандырылған инені пайдалаңыз. 15.Шприцті сол қолға көз деңгейінде тігінен ұстап, (II-канюлада, I, III және IV саусақ цилиндрде) 16.Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, ІІ және ІІІ саусақпен цилиндрден ұстап, иненің өткізгіштігін тексеріп, 1-2 тамшы шығарып көреміз. Қорғаныс қақпақшасы инесінен ажыратылмайды. 17. Шприцті дәрілік ерітіндімен ораудың ішкі бетіне қойыңыз, залалсыздандырылған мақта шариктерін 70% спиртіне батырып салыңыз. 18. Дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілік затты енгіземіз.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.180.133 (0.007 с.) |