НАУҚАСТЫ ФАУЛЕР ҚАЛПЫНА ЖАТҚЫЗУ
(әйелдерден)
Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, әйелді өз бетінше зәрді жинауға үйрету.
Қолдану керсетілімдері: бүйрек аурулары.
Қажеттілерді дайындау: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағазсалфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған ыдысты, лабораторияғажолдаманы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Медбикенің іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз, бет пердені киіңіз.
4. Науқасқа алда тұрған зерттеу (зәрді жинау) мақсаты мен ережесі туралы мәліметті беріңіз.
5. Қағаз сүлгіні төсеп, оның үстіне қағаз салфеткаларды салып, зәрді жинауға арналған қақпағы бар ыдысты қойыңыз.
6. Науқастан дәрет алу бөлмесіне кіруін, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.
Науқастың іс-әрекет алгоритмі:
1. Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.
2. Унитаздың арқа сүйемеліне мүмкіндігінше жақын отырып, аяқтарыңызды ажыратыңыз. Жыныс ернеуін емшара аяқталғанша саусақтарыңызбен ажыратыңыз.
3. Қайнатылған сумен және сабынмен жыныс мүшелерін мұқият жуып, сонан кейін салфетканы қолдана отырып, үлкен жыныс еріндерін және зәр шығаратын түтіктің тесігін құрғатыңыз.
4. Салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
5. Зәр жинауға арналған ыдысты алыңыз. Ыдыстың және қақпақтың ішкі бетіне тигізбей қақпағын ашыңыз, қақпақтың ішкі бетін жоғары қаратып қағаз сүлгіге қойыңыз.
6. Зәрді жинауға арналған ыдысты зәр шығаратын түтіктің тесігінің жанына орналастырыңыз.
7. Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, сонан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз.
8. Зәр ағымының «ортаңғы бөлігінің» 3-5 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда бітіріңіз,киініңіз.
9. Ыдысты қақпақпен жабыңыз және қағаз сүлгісіне қойыңыз.
10. Қолыңызды сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатыңыз.
11. Зәрі бар ыдысты медбикеге беріңіз.
Ескерту:
- бикстегі зәрді жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық лабораторияға жеткізіңіз;
- материалды жібергенге дейін тоңазытқыштасақталуы қажет.
- зәрді микрофлораға зерттеу антибиотиктер, уросептиктер қабылданғанға дейін және жеделдету диурезінде қалыпты жағдайдағы су ішу тәртібінде тағайындалады;
- егерде зәрді табиғи жолмен жинауға мүмкіндік болмаса, дәрігердің тағайындауы бойынша қуыққа катетерлеу жүргізіледі.
|