Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ЖЕЛ ШЫҒАРАТЫН ТҮТІКТІ ҚОЮ

Поиск

 

Мақсаты: ішектегі желді (газды) шығару.

Қолдану көрсетілімдері: іш кебу, ішек атониясы, жібіту клизмасын қойғанда.

Қарсы көрсетілімдері: ішектен қан кеткенде, тік ішектің түсуінде, жуан ішек және анус тесігі аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, қанаған геморройда.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: бір рет қолданатын жел шығаратын түтікті, лотокты, шпательді, қолғапты, вазелинді, клеенканы, жаялықты, халатты, алжапқышты, судноны сумен, салфеткаларды, әжетхана қағазын, кермені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқастың аты жөнін сұраңыз, өзіңізді таныстырыңыз.

2. Науқасқа жасалатын емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасты кермемен (ширма) қоршаңыз (егер, емшара палатада орындалса).

4. Кушетка үстіне клеенканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз, оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

5.Кушеткаға клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

 

6.Науқасты кермемен қоршаңыз (егерде емшара палатада орындалса).

7.Науқастың қасына отырғыштың үстіне судноны қойыңыз (судно ішіне аз мөлшерде су құйыңыз). Науқастың бөксе астына клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

8.Науқасты сол жақ қырына немесе шалқасынан жатқызып, оның аяқтары тізесінен бүгілуі керек.

9.Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

10.Бір рет қолданатын жел шығаратыи түтіктің домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелинді жағыңыз.

11.Түтіктің ортасын бүгіп (бүктеп), оның бос үшын оң қолдың IV және V саусақтарымен кысып, ал домалақ ұшын жазатын қаламұштай ұстаңыз.

12.Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіңіз, оны тік ішекке қарай жылжытып ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

13.Науқасты шалқасына бұрыңыз немесе сол жағдайда қалдырыңыз.

14.Бір рет қолданатын жел шығаратын түтіктің бос ұшын су құйған судноға салыңыз.

15.Жел шыққанда (суда көпіршік болуы) көзіңізді жеткізіңіз, суы бар судноны алыңыз, ал жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшын жаялыққа конверт түрінде ораңыз.

16.Науқастың қал жағдайын әрбір 10-20 минут сайын бағалаңыз.

17.Науқастың үстін жауып, ішекте түтікті жел толық шыққанша 1 сағатқа қалдырыңыз.

18.Абайлап айналмалы қозғалыспен түтікті шығарып алып, анус тесігі айналасын салфеткамен немесе әжетхана қағазымен тазартып, вазелин майы жағылған салфетканы бөксе аралығына салыңыз.

19. Бір рет қолданатын жел шығаратын түтікті қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

20.Қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

21.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: егерде ішектен жел толық шықпаса, емшараны 2-3 сағаттан кейін қайталаңыз, бірақта тәулігіне 2-3 реттен кем емес. Жел түзететін тағамдарды қабылдамауын түсіндіріңіз.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.223.203.153 (0.005 с.)