НАУҚАСТЫ БРОНХОСКОПИЯҒА ДАЯРЛАУ
66. НАУҚАСТЫ БРОНХОСКОПИЯҒА ДАЯРЛАУ
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы даярлауды қамтамасыз ету,бронхтың сілемейлі қабықтарын қарау.
Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: қолғапты, бронхоскопты,сүрткілерді, транквилизаторларды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі барыдысты, сүлгіні, ауру тарихын, жолдаманы.Бронхоскопияны дәрігер жасайды, медбике көмекші қызметін атқарады
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз, бет пердені киіңіз.
4. Науқасқа психикалық дайындықты жүргізіңіз.
5. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Ол зерттеу алдында таңертең тамақты, суды қабылдамауы, темекі шекпеуі керек.
6. Зерттеудің алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.
7. Тура зерттеуді жасар алдында науқастан қуығын және ішегін босатуын сұраңыз.
8. Дәрігердің тағайындауы бойынша зерттеудің алдында кешке қарай және таңертең жансыздандыруды жасаудан 1-1,5 сағат бұрын транквилизаторлармен (элениум, диазепам) премедикацияны жүргізіңіз.
9. Қарауға 15-45 минут қалғанда дәрігердің тағайындауы бойынша премедикацияны (наркозға дайындауды) жүргізіңіз.
10. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен және жолдамасымен эндоскопиялық кабинетіне тағайындалған уақытта ертіп апарыңыз.
11. Науқасты палатаға ертіп апарыңыз, жасалған зерттеуден кейін екі сағат бойы тамақ ішуіне, темекі шегуіне болмайтынын ескертіңіз.
67. НАУҚАСТЫ ЦИСТОСКОПИЯҒА ДАЯРЛАУ
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету;диагностикалық: қуықтың сілемейлі қабығын қарау; емдік: қуықтан қатерсізісік және түймешікті алып тастау.
Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: цистоскопты, жыныс мүшесінжуындыруға және тазарту клизмасын қоюға арналған құрал-жабдықтарды.Цистоскопияны дәрігер жасайды,медбике көмекші қызметін атқарады
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз, бет пердені киіңіз.
4. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз, зерттеудің мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
5. Зерттеуді ашқарынға жасаңыз.
6. Таңертең зерттеу алдында науқасқа жыныс мүше аймағын мұқият жуу керек екенін ескертіңіз, оны гигиеналық емшара іс-әрекетіне (жуыну) сыртқы жыныс мүшесін жууды үйретіңіз.
7. Таңертең зерттеуге дейін 2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.
8. Тұп-тура зерттеу жасар алдында науқасқа қуығын босатуды ұсыныңыз.
9. Белгіленген сағатта науқасты ауру тарихымен эндоскопиятық кабинетіне ерітіп барыңыз.
10. Зерттеуден кейін науқасты палатаға дейін ертіп апарыңыз.
11. Зерттеуден кейін 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажет екендігін науқасқа ескертіңіз.
|