Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту.↑ Стр 1 из 47Следующая ⇒ Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауыздың ойылуы дамуының және ауыз қуысының басқа да қабыну ауруларының алдын алу. Қолдану көрсетілімдері: төсекте жатқан халі ауыр, әлсіреген, қызуы көтерілген науқастарға. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 3 лотокті, 3 қысқышты, тіл ұстағышты, ауыз кергішті, дәке сүрткілерін, тампондарды,алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, мензуркаларды, вазелинді, ішінде антисептикалық ерітіндісі бар флакондарды, сүлгіні, ішінде суы бар стаканды, қолғаптарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз). 2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. 3. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз. 4. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз. 5. Ауыз қуысын, қызыл иекті, тілді мұқият қарап тексеріңіз. 6. Лотокқа антисептикалық ерітіндіні (натрий гидрокарбонаты) құйыңыз. 7. Науқастың басын қырына қарай бұрыңыз, мойнын және кеудесін клеенкамен жабыңыз, астыңғы иегінің астына лотокті қойыңыз. 8. Науқастан тістерін сығылыстыруын өтіңіз (егер тіс протездері болса, оны алып тастаңыз). 9. Науқастың ұртын ауызкергішпен керіп, антисептикалық ерітіндіде суланған дәке тампонын қысқыш алып, оларды ауыстыра отырып, әрбір тісті қызыл иегінен бастап, азу тістерден күрек тістерге қарай сол жақтың сыртқы бетін тазартыңыз (жоғарыдан төмен және төменнен жоғары қарай) 10. Оң жағын да осы реттілікпен тазартыңыз. 11. Науқасқа тілін шығаруын өтінеміз, (халі ауыр жағдайда абайлап тілұстағышпен ауыздан шығарыңыз.) 12. Дәке сүрткісін антисептикалық ерітіндіге сулап,қысқышқа қысып, тілдегі бозамықты 2-3 рет сүрткіні ауыстыра отырып, тілдің түбірінен ұшына дейінгі бағытта жан-жағын сүртіңіз. 13.Қысқыштарды, тіл ұстағышты қолданған материалдарға арналған лотокқа салыңыз. 14.Науқастың ауызын шаюға көмектесіңіз немесе ауыз қуысына алмұрт тәрізді баллоншамен немесе Жане шприці көмегімен шайыңыз. Ауыз бұрышын ауызкергішпен керіп, кезекпен сол жағын, сосын оң жақ ұрт аймағын ерітіндімен орташа қысымдағы ағыс екпінімен жуыңыз. 15.Ауыз айналасындағы теріні құрғақ сүрткімен сүртіңіз, залалсыздандырылған сүрткіге салфеткаға шпательмен вазелин жағып, еріндерін майлаңыз. 16.Құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа, дәке тампондарды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 17.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Ескерту: - ауыз қуысын шаю іс-әрекеті халі өте ауыр науқастарға қолданылмайды, себебі сұйықтық науқастын жоғарғы тыныс жолдарына кетіп қалып, кенеттен өліп кету қауіпі бар; - халі өте ауыр науқастардың ауыз қуысының шырышты қабығын және тістерін антисептикалық ерітіндімен күніне 2 рет сүртіп тазарту керек. - еріндерінде жарық болса, ауыз кергішті қолданбайды. 2. Көзді күту. Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауруларының алдын- алу, халі ауыр науқас көзіне таңертеңгі тазалықты жүргізу, дәрілік ерітіндіні тамызу. Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайдағы көзінде шығындылардың (бөліністердің) болуы. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: дәке тампондарын, лотокті, пинцетті (іскекті), фурациллин ерітіндісін, вазелин майын, мензуркаларды, физиологиялық ерітіндіні,тамызғыштарды, қолғаптарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз). 2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. 3. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз. 4. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз. 5. Көздерін қарап, олардың жағдайын бағалаңыз. 6. Бір мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын, екіншісіне фурацилин ерітіндісін құйыңыз. 7. Дәке тампонын пинцеттің көмегімен вазелин майына ылғалдатып, оны мензурканың қабырғасына, аздап қана сығып қысыңыз. 8. Оң қолға тампонды ұстап, көздің бір қабағын сыртқы бұрышынан, ішкі бұрышына қарай бағытпен сүртіңіз (іріңді қабыршақтың қабатын жұмсаруын қамтамасыз етеді). 9. Дәке тампонын фурацилин ерітіндісіне ылғалдатып, осы бағытпен сүртуді қайталаңыз. 10. Іріңді қабыршақтар толық кеткенше сүртуді 4-5 рет әр-түрлі тампондармен қайталаңыз. 11. Көз бұрыштарында іріңді бөлінулер болған кезде: сол қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен қабақтарын екі жаққа айырып ашып, ал оң қолмен көздің дәнекер қабына тамызғыштың көмегімен физиологиялық ерітіндімен шайып шығыңыз, сосын құрғақ тампонмен қабақты осы бағытта сүртіңіз. 12. Екінші көзді де осындай әдіспен тазалаңыз. 13. Қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. 14. Қолданылған қолғапты, тампондарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті (іскекті), мензуркаларды, тамызғыштарды ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. 15. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: көзді тазалаған кезде бірдей бір тампонмен екі көзді сүртуге болмайды. Бір көзден екінші көзге инфекция жұғуы мүмкін.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.219.82.204 (0.008 с.) |