Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

БактериологиялыҚ зерттеуге ҚаҚырыҚты жинау

Поиск

 

Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғыштарын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: туберкулез және басқа да жұқпалы аурулар.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған кең мойынды банканы, биксті, салфеткаларды, жолдама бланкасын, қаламсапты, стеклографты, қолғапты, бет пердесін, зарасыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз, бет пердені киіңіз.

4. Қақырық зерттеу күні таңертең ашқарында жиналады.

5. Түкіргішті немесе банканы нөмірлеңіз.

6. Бактериологиялық зертханаға жолдаманы толтырыңыз.

7. Науқаспен сенімді қатынас орналастырып, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

8. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.

9. Науқасқа қақырғандағы қақырық емес, терең жөтелгендегі қақырық жиналуы тиісті, қолымен немесе аузымен ыдыстың шетіне тимеуін ескертіңіз.

10. Науқасқа түсіндіріңіз:

-      таңертең, қақырықты 2 сағаттай жыйнамас бұрын тісін тазалауды;

-      ауыз қуысы мен жұтқыншағын қайнатылып суытылған сумен шаюды;

-      тік тұруын немесе тік отыруын;

-      түкіргіштің қақпағын залалсыздандырылғанын бұзбай ашуды;

-      аузын матамен немесе орамалмен жауып тұрып, 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып тұрып, қатты жөтеліп қақырықты өкпенің терең бөліктерінен түкіргішке шығаруын;

-      науқас қақырық жинайтын түкіргішті төменгі еріні тұсында ұстап, түкіргіштің немесе банканың шетіне тигізбей қақыруы тиістігін.

  11. Түкіргішті немесе банканы қақпақпағын жабыңыз.

  12. Түкіргіштің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған салфеткамен сүртіңіз.

  13. Жиналған қақырықты қарап, түкіргішті бикске орналастырыңыз.

  14. Бактериологиялық зертханаға қақырықты апарыңыз.

  15. Бет пердесін, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

  16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

-      қақырық бөлу қиындаған жағдайда оны қақырық бөлетін дәрі-дәрмектерді тағайындалғаннан кейін жинайды;

-      антибиотиктерді тағайындамай тұрып, қақырықты жинау қажет.

 

 

24. ТАБЛЕТКАНЫ, КАПСУЛАНЫ, ДРАЖЕНІ, ПИЛЮЛАНЫ ҚАБЫЛДАУ

 

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімі: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қажеттілерді дайындау: дәрігер тағайындаған таблеткаларды (түймедақтарды) капсулаларды, дражені, пилюланы (дәрінің домалақ түрін) қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препаратты таңдап алыңыз.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.147.205.160 (0.006 с.)