Нечипоренко Әдісімен зӘрді жинау
Мақсаты: диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер).
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында).
Қажеттілерді дайындау: сыйымдылығы 100-200 мл кең мойнынды таза, құрғақ шыны банкіні, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, медбикенің қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз.
4. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.
5. Жолдамасы жапсырылған банкіні науқасқа беріңіз.
6. Науқас зәрді өзі жинайтын болған жағадайда, қолын жуып, қолғап киуін түсіндіріңіз.
7. Науқастың сыртқы жыныс мүшесін алдынан артына қараған бағытпен жууын түсіндіріңіз.
8. Науқас зәрдің бірінші ағымы порциясын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.
9. Даярланған банкіге 50 мл мөлшеріндей зәрдің ортаңғы бөлігі ағымы порциясын жинаңыз.
10. Жиналған зәрді зертханаға апарыңыз.
11. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: тәуліктің кезкелген уақытында зәрге зерттеуді жүргізуге болады.
Нечипоренко тәсілі - бұл әдісте зәр тұнбасы микроскоппен қаралып лейкоцит, эритроцит және цилиндр мөлшерлері дұрыстықпен анықталады. Бұл әдіс диагностика үшін үлкен мағына береді, белгісіз жасырынды өтетін нефрит және пиелонефрит формаларын, науқастарды динамикалық бақылау және жүргізілген емнің тиімділігін бағалау.
Формалды элементтердің қалыпты көрсетілімдері:
- лейкоциттер - 1 мл-де 4000-ға дейін;
- эритроциттер - 1 мл-де 1000-ға дейін;
- цилиндрлер - жоқ.
|