Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ЖҰтҚыншаҚтан жаҒынды алу

Поиск

 

Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: жұтқыншақ микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерия).

Қажеттілерді дайындау: дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларды штаттивімен; материал алу үшін құрғақ мақта тампондары, темір өзегі бар таяқшаға бұралып жасалған крафт пакетінде залалсыздандырылған шпательді; пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті; пробиркаларды белгілеу үшін стеклографты, жолдама бланкісін, қолғапты, бет пердені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз

3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз, бет пердені киіңіз

4. Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз.        

5. Жолдама нөміріне сәйкес нөмерді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «жұтқыншақ-1», пробирканы штативке орнатыңыз.

6. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.

7. Науқасқа қарама-қарсы тұрыңыз.

8. Сол қолдың IV және V саусақ арасына, тампоны бар залалсыздандырылған пробирканы, шпательді басқа үш саусағыңызбен ұстаңыз.

9. Науқастың аузын кең ашуын сұрап, шпательді аузына енгізіңіз.

10. Тілдің түбірін төмен және алға қарай шпательмен басып, тілді қимылдатпай ұстап тұрыңыз.

11. Пробиркадан залалсыздандырылған тампон оралған темір өзекті оң қолмен тығынынан ұстап шығарып алыңыз.

12. Тампонды тілдің, тістің, ұрттың, жұмсақ таңдайдың шырышты қабығына тигізбей ауыз қуысына енгізіңіз.

13. Жеңіл айналмалы қозғалыспен жұтқыншақтың артқы бетінен 2-3 рет тампонмен жүргізіңіз.

14. Тампонмен таңдай тіл доғасынан, көмекей бездерінен төмендегідей реттілікпен жағынды алыңыз: оң жақ таңдай доғасы, оң жақ көмекей безі, тілшік, сол жақ таңдай доғасы, сол жақ көмекей безі, жұтқыншақтың артқы бетінен шырышты алыңыз.

15. Шпательді ауыз қуысынан шығарып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

16. Тампонды ауызда тілдің, тістің шырышты қабығына тигізбей ауыз қуысынан шығарыңыз және оны пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай пробиркаға енгізіңіз де аузын тығыз жабыңыз.

17. Штативті  пробиркасымен бикске орналастырып, биксті «тығыздап» жабыңыз.

18. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

19. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

20. 3ерттеуге алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз немесе термостатқа бактериологиялық зертханаға жөнелтпес бұрын орналастырыңыз.

Ескерту:

-      жұтқыншақтан жағынды таңертен, аш қарында немесе тамақ ішкеннен кейін, су ішкеннен кейін, тамақ шайқағаннан кейін 2 сағаттан соң (дәрілік препараттар қабылдаудың алдында) алынады;

-      бактериологиялық зертеудің нәтижесі 5-7 күннен кейін дайын болады, егер науқас дұрыс дайындалса және жағынды дұрыс алынса;

-      егерде жергілікті өзгерулер айқын белгілі болса зертеуге материалды қабынған жер ошағынан және басқа да жерлерден екі тампонмен алынады.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.141.192.115 (0.01 с.)