Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Нәжісті саусақ арқылы шығару

Поиск

73. Нәжісті саусақ арқылы шығару

Кейде нәжіс массалары қатты болып клизма қою әсер етпейді.Бұл жағдайда нәжісті тік ішектен саусақ арқылы шығаруға болады.

Копролитті (қатып қалған нәжіс,нәжіс тастары) саусақпен алып тастау

Көрсетілімдері:іш қатулар,клизма және іш айдайтын дәрілердің әсері болмағанда,ішекте нәжіс массаларының қатайып нәжіс тастарын түзуі.

Дайындаңыз:дәрет ыдысын,глицерин немесе вазелин майын, кермені,клеенканы, жаялықты, жылы суы бар ыдысты , салфеткаларды, сүлгіні,ақжайманы,қолғаптарды, ішінде жылы суы бар құмыра немесе Эсмарх кружкасын,корнцангты, дез ерітіндісі бар ыдыстарды, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

                               Медбикенің іс-әрекеттері: 

1. Науқаспен қарым – қатынас жасаңыз.

2. Науқасты емшара белгілі бір жайсыздық туғызатынын ескертіңіз.Пациентті кермемен оңашалаңыз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде өңдеңіз,құрғатыңыз.

4. Науқасты бір қырымен жатқызыңыз,аяқтарын ішіне қарай бүгуін сұраңыз.

5. Науқастың тек жамбас аймағын ашық қалдырып үстін ақжаймамен жабыңыз.

6. Жамбас астына клеенка,үстінен жаялық төсеңіз.

7. Қолғапты киіңіз:сол қолыңызға екеуін оң қолыңызға.

8. Оң қолыңыздың екі саусағын қолғап үстінен вазелин немесе глицеринмен молынан майлаңыз.

9. Сол қолыңызбен жамбасты ашыңыз.

10. Науқастың ауыз арқылы жәй және терең тыныс алуын сұрайңыз.

11. Оң қолыңыздың екінші саусағы тік ішекке кіндікке қарай нәжіс тастарына жеткенше енгізіңіз.

12. Нәжіс массаларын саусағыңыз бен бөлшектеп ,шығарып дәрет ыдысына тастаңыз.

13. Копролитті алып тастау кезінде науқастың жалпы жағдайын бақылаңыз,кері реакциялардың пайда болуында,науқасқа жайсыздық сезімі күшейгенде емшараны тоқтатыңыз.

14. Саусағыңызды шығарыңыз,сыртқы қолғапты шешіңіз,анус аймағын салфеткамен сүртіңз.

15. Науқастың үстін ақжаймамен жабыңыз.Дәрет ыдысын босатыңыз.

16. Қолғапты шешіп сабындап жуыңыз.

17. Жаңа қолғапты киіңіз,науқастың шат аралығын жуыңыз(стандартқа қарап ).

18. Науқастың ыңғайлы жатуына көз жеткізіңіз.

19. Қолғаптарды шешіңіз,қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге тастаңыз.Қолыңызды жуып,құрғатыңыз.

20. Қолданған заттарды зарарсыздандырыңыз.       

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.222.10.49 (0.009 с.)