Колостомаға күтім жасау
72. Колостомаға күтім жасау
Көрсетілімдері:ішек стомалары
Дайындаңыз: «Стомагезив»майын немесе Лассар пастасын, қағаз сүлгі немесе салфетканы, қайшыны, стерильді қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді .
Медбикенің іс-әрекеттері:
1.Науқаспен қарым –қатынас жасаңыз.
2.Стомадан бөлінетін нәжіс массаларын тазалаңыз.
3.Стоманы қайнаған жылы сумен жуыңыз.
4.Колостома айналасындағы теріні жылы қайнаған сумен өңдеп,салфеткамен құрғатыңыз.
5.Теріге Лассар (дерматолды немесе цинк пастасы)пастасын немесе «Стомагезив» майын жағыңыз.
6.Паста немесе майдың артығын салфетка көмегімен сүртіңіз.
7.Теріден шығып тұрған шырышты қабыққа(«роза»)вазелин жағылған салфетканы қойыңыз.
8.Колостоманы салфеткамен жабыңыз.
9.Таңғыш үстіне мақта қойыңыз.
10.Таңғышты бинт немесе бандажбен бекітіңіз.
73. Нәжісқабылдағышты ауыстыру
Көрсетілімдері: ішек стомалары.
Дайындаңыз:жаңа нәжісқабылдағышты,стома өлшемін тексеруге трафаретті –ол өзгеруі мүмкін, «Стомагезив» майы немесе Лассар пастасын,қағаз сүлгіні немесе салфетканы,қағаз қапшықты,пластик пакет немесе газетаны (қолданылған нәжісқабылдағыш үшін),қайшыны,қосымша қысқышты(дренажы бар нәжісқабылдағыштар үшін),кішкене айнаны,қолғапты,қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Медбикенің іс-әрекеттері:
1. Науқаспен қарым-қатынас жасаңыз.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып,құрғатыңыз.Қолғапты киіңіз.
3. Таза нәжісқабылдағышты дайындаңыз (қайшымен пластинаның орталық тесігін колостома размеріне сай келтіріңіз).
4. Қолданылған нәжісқабылдағышты жоғары жағынан бастапабайлап алыңыз,теріні тартпауға тырысыңыз.
5. Қолданылған нәжісқабылдағышты қағаз немесе пластик пакетке салып Б котейнерге тастаңыз.
6. Стома айналасы терісін құрғақ дәке немесе қағаз салфеткаларымен сүртініз
7. Стоманаң қайнаған жылы сумен жуыңыз.
8. Стома айналасындағы теріні жылы сумен жуыңыз.
9. Теріні салфеткалармен құрғатыңыз(мақта қолдануға болмайды,өйткені оның талшықтары қалып кетеді).
10. Колостома айналасындағы теріге «Стомагезив» майын немесе «Лассар» пастасын жағыңыз.
11. Трафарет көмегімен коломтома өлшемдерін қайтадан салыстырыңыз. Өңдірушінің нұсқауы бойынша стомаға таза нәжісқабылдағышты жабыстырыңыз.
|