Аурухана жаҒдайында бактериоскопиялыҚ зерттеу Үшін туберкулезге ҚаҚырыҚты жинау
Мақсаты: туберкулез микобактериясын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары.
Қажеттілерді дайындау: көп рет немесе бір рет қолданылатын 3 түкіргішті немесе тығыз бұрандалы қақпағы бар контейнерлерді, таза құрғақ мөлдір әйнектен жасалған кең ауызды 50-200 мл банкіні қақпағымен, жолдаманы жазып банкіге желімдеңіз (науқастың аты жөні, туған жылы, жиналған күні, науқастың теңестіру нөмерін, жолдама Ф-ТБ-05).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз
4. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.
5. Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс.
6. Масканы, клеенкалы алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.
7. Таңертең таңғы асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз. Науқасқа ашық түкіргішті немесе контейнерді беріңіз.
8. Науқасты тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз.
9. Науқастың артынан тұрып, аузына түкіргішті немесе контейнерді жақындатуын сұраңыз.
10. Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшерінде қақырық-ты түкіргіштің немесе контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз.
11. Түкіргішті (контейнерді) қақпағымен жабыңыз.
12. Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз.
13. Таңертеңгі жиналған қақырықты лабораторияға 1 тәулік ішінде жіберіңіз.
14. Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін толтырыңыз.
Ескерту:
- емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жоғарыда жазылған ережеге сәйкес жинайды;
- ауруханадан тыс жағдайда қақырықты жинау ерекшелігі, қақырық 2 рет алынады:
- қақырықтың I байқауы - науқас емханаға таңертең қаралғанда медициналық қызметкерінің бақылауымен жинастырады;
- қақырықтың II байқауы - келесі күні таңертең үйде жиналып, лабораторияға апарылады;
- қақырықтың III байқауы - сол күні емханада медициналық қызметкерінің бақылауымен науқастың қақырығын жинайды (2-3 байқау үлестері бір күнде);
- қақырықты жинау міндетті түрде медициналық қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі;
- көп рет пайдаланатын түкіргіштер немесе контейнерлер зарарсыздандырылуға және залалсыздандырылуға тиісті;
- бір рет қолданылатын түкіргіш пайдаланып болғаннан кейін жойылуға тиіс.
|