КопрологиялыҚ зерттеуге нӘжісті алу
Мақсаты: нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық құрамын зерттеу, ас-қорыту жолдарының функциональді жағдайын зерттеу.
Қолдану: ас-қорыту мүшелерінің аурулары.
Қажеттілерді дайындау: таза құрғақ 20-50 мл кең мойынды ыдысты, судноны, шыны қалақшаны, жолдаманы жазып ыдысқа жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, медбикенің қолы), резеңке қолғапты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз.
4. Зерттеу алдында науқасқа емшара барасы мен мақсатын түсіндіріңіз.
5. 3 күн зерттеуге дейін темірі бар (ет, балық, көкөністің барлық түрлері) тағам заттары шығарылады деп науқасқа мәлімет беріңіз. Нәжістің сыртқы көрінісін өзгертетін және ішектің жиырылып, күшейтетін дәрі-дәрмектерді,магний, висмут, йод, бром бар дәрілік заттар беру тоқтатылады. 4-ші күні нәжіс зерттеуге алынады.
6. Қажет болған жағдайда, тамақтың сіңіру дәрежесін зерттеуге арнайы емдәмді қолданылады, дәл мөлшердегі анықталған азық-түлік жиынтығы (Шмидт және Повзнер емдәмі) нәжіс зерттеуге 5 күн қалғанда. 6-шы күні зерттеуге нәжіс алынады.
7. Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу күні таңертең нәжіс зерттеуге алынады
8. Зерттеуге нәжісті жинау іс-әрекеттін науқасқа үйретіңіз:
- нәжісті жинар алдында науқас қолғапты киюі қажет;
- ішекті сусыз судноға босатқан соң, науқас қалақшамен нәжістің әрбір жерінен 5-10 г нәжісті алады және даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабады.
9. Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып, құрғатады.
10. Ыдысты нәжіспен және жолдамамен клиникалық лабораторияға апарыңыз.
Ескерту:
- тамақтың сіңіру дәрежесін зерттегенде дәрігердің тағайындауы бойынша Шмидт немесе Повзнер емдәмдерін пайдалану, олардың құрамында дәл мөлшерленніп анықталған азық-түлік жиынтығы бар;
- клизма жасағаннан кейін, суппозиторийді және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.
|