Содержание книги

  1. Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту.
  2. Науқасты ылғалды сүрту.
  3. Жалпы клиникалыҚ анализге зӘрді жинау
  4. Нечипоренко Әдісімен зӘрді жинау
  5. Зимницкий бойынша байҚауҒа зӘрді жинау
  6. ДИАСТАЗАҒА ЗӘРДІ ЖИНАУ
  7. КопрологиялыҚ зерттеуге нӘжісті алу
  8. Іш ҚҰртыныҢ жҰмыртҚасын аныҚтауҒа нӘжісті алу
  9. НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҰЛТАБАРҒА СҮҢГІЛЕУДІ ЖҮРГІЗУ
  10. НауҚасты дайындау жӘне асказанды фракциялыҚ Әдіспен жіҢішке сҮҢгімен сҮҢгілеуді жҮргізу
  11. Жалпы клиникалыҚ анализге ҚаҚырыҚты жинау
  12. Аурухана жаҒдайында бактериоскопиялыҚ зерттеу Үшін туберкулезге ҚаҚырыҚты жинау
  13. БактериологиялыҚ зерттеуге ҚаҚырыҚты жинау
  14. Дәрілік препараттарды қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.
  15. Флаконнан дӘрілік ерітіндіні сорып алу
  16. Тері ішіне инъекцияны Қою
  17. БҰлшыҚ етке инъекцияны орындау
  18. СҰЙЫҚТЫҚТАРДЫ КӨК ТАМЫРҒА ТАМШЫЛАТЫП
  19. Назогастральды зонд арҚылы тамаҚтандыру
  20. Перифериялық көктамыр катетеризациясы
  21. Перифериялық көктамыр катетеризациясы үшін қажет болған              стандартты жинақ
  22. ант диабетімен ауыратын пациентке подиатриялық күтім жасау.
  23. Ралдарды залалсыздандыру алдындаҒы тазалыҚтан Өткізу
  24. Жуушы ертіндінің құрамы
  25. ТҰзды (гипертониялыҚ) клизманы кою
  26. ДӘРІЛІК КЛИЗМАНЫ ҚОЮ
  27. ЖЕЛ ШЫҒАРАТЫН ТҮТІКТІ ҚОЮ
  28. ЖҰтҚыншаҚтан жаҒынды алу
  29. МҰРЫН ҚУЫСЫНАН ЖАҒЫНДЫ АЛУ
  30. НАУҚАСТЫ ФАУЛЕР ҚАЛПЫНА ЖАТҚЫЗУ
  31. жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай)
  32. НАУҚАСТЫ СИМСА ҚАЛПЫНА ЖАТҚЫЗУ
  33. НАУҚАСТЫ ІШІМЕН ЖАТҚЫЗУ
  34. НАУҚАСТЫ АРҚАСЫМЕН ЖАТҚЫЗУ
  35. НАУҚАСТЫ ҚЫРЫМЕН ЖАТҚЫЗУ
  36. Халі ауыр науҚастыҢ тӨсек-орын тыстарын ауыстыру
  37. Халі ауыр науҚастыҢ тӨсек-орын тыстарын ауыстыру
  38. БактериологиялыҚ зерттеуге тікелей тік ішектен нӘжісті алу
  39. БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТЕУГЕ «АШЫҚ НӘЖІСТЕН» НӘЖІСТІ
  40. БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ «АШЫҚ НӘЖІСТЕН» НӘЖІСТІ
  41. АсҚазан жӘне он екі еліішекті
  42. НАУҚАСТЫ ФИБРОГАСТРОДУОДЕНОСКОПИЯҒА ДАЯРЛАУ
  43. НАУҚАСТЫ БРОНХОСКОПИЯҒА ДАЯРЛАУ
  44. НауҚасты ультрадыбыстьіҚ зерттеулерге дайындау
  45. Бір компанетті нәжіс қабылдағыштарды жабыстыру.
  46. Колостомаға күтім жасау
  47. Нәжісті саусақ арқылы шығару


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ТҰзды (гипертониялыҚ) клизманы кою



41. МАЙЛЫ КЛИЗМАНЫ ҚОЮ

 

Максаты: емдік: ішек бұлшык еттерін босансытуға, нәжісті сұйылту, түйілуді азайту және қалыпты ішектін жиырылып кеңеюін қалпына келтіру.

Қолдану көрсетілімдері: тазарту клизмасының әсері болмауы, спастикалык іш қату, ұзақ іш қату. жуан ішектің қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезең, босанғаннан кейін.

Қарсы көрсетілімдері: жоқ

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған бір реттік қолданылатын жел шығаратын түтікті, лотокті, Жане шприцін немесе алмұрт тәрізді баллоншаны, шпательді, алжапқыш, вазелин майын, майлы ерітінді 50-100мл көлемінде,  қолғапты, салфеткаларды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контеинерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз

2. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнатының

3. Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріңіз

4. Емшараны орындау үшін келісімін алыңыз

5. емшараны орындауға керекті заттарды дайындаңыз

6.Кушеткаға клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

7. Ажапқышты киіп,маска тағыңыз

8.Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғын тізе буынынан бүгіп, ішіне қарай келтірілуі керек.

9. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, антисептикпен өңдеңіз қолғапты киініз.

10. Залалсыздандырылған бір реттік қолданылатын жел шығаратын түтікті бүтіндігін және жарамдылық мерзімін қараңыз

11. «Су» моншасында t-37°-38°С дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

12.Жел шығаратын түтіктің саңлаусыз домалақ, бітеу ұшына 20-30 см ұзындыққа вазелин майын жағыңыз.

13.Сол қолдың I және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолымен жел шығаратын түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен анал тесігіне тік ішекке қарай жылжытып енгізіп, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

14.Майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алып, енгізер алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос ұшына жалғастырып, ақырын тік ішекке енгізіңіз.

15.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз.

16.Жел шығаратын түтіктен алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцінен шығарып алыңыз.

17.Жане шприціне немесе алмұрт тәрізді баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп (итеріп) жіберіңіз.

18.  Жел шығаратын түтікті оң қолыңызбен шығарып алып, қауіпсіз жоюға немесе жинауға арналған контейнерге салыңыз және алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығын зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

19.  Анал тесік аймағының терісін салфеткамен сүртіңіз.

20.  Науқасқа ыңғайлы жағдай жасап және терең дем алуын сұраңыз. 10-12 сағаттан кейін дәретке отыруын сұраңыз.

21.  Қолғапты шешіп, масканы, салфетканы және қолғапты қауіпсіз жоюға немесе жинауға арналған контейнерге салыңыз

22. Қолыңызды жуыңыз.

Ескерту:емшара жасар алдында науқас қуығын босатуы қажет;майлы клизманы емдік мақсатпен жасағанда алмұрт тәрізді баллоншаны қолданыңыз; науқас тізе-шынтақ қалпында болуы қажет; майлы клизманы түнде қою қажет.

 

 

42. ТАЗАРТУ КЛИЗМАСЫН ҚОЮ

Максаты: ішектің созылып-керіліп жиырылуын күшейту және нәжісті жібіту арқылы жуан ішектің төменгі бөлігіндегі нәжістен және желден босату.

Қолдану көрсетілімдері: іш қату, улану, босанар және операция жасар алдында, дәрілік және майлы клизмалар қою алдында, ас қорыту, зәр бөліну және кіші жамбас мүшелерін рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу алдында.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймақтарының жедел қабыну немесе ойық жара үдересінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операңия жасаганнан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындагы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаган геморройда.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: ұштықты, Эсмарх крушкасын, штативті, вазелинді, шпательді, қолгапты, мақта немесе дәке тампондарын, пинцетті, шылапшынды, дәрет ыдысын судно (егерде процедура палатада орындалатын болса), температурасы 20-22°С-дагы 1,5-2 литр суды, салфеткаларды, әжетханалық қағазды, су термометрін, клеенканы, жаялықты, клеенкалы алжапқышты, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты. Қауіпсіз жоюга арналған контейнерді (ҚЖАК).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқастың аты жөнін сұраңыз, өзіңізді таныстырыңыз.

2. Науқасқа жасалатын емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасты кермемен (ширма) қоршаңыз (егер, емшара палатада орындалса).

3. Халатты, масканы, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

4. Қолыңызды жанастыра жууып тазартыңыз, антисептикалық ерітіндімен өңдеп, медициналық қолғапты киіңіз.

5. Эсмарх крушкасына 20-22°С температурасындагы 1,5-2 л суды құйып, қысқышты жабыңыз.

6. Эсмарх кружкасын науқастың дене деңгейінен 1 метр биіктікте штативке іліңіз,

оған ұштықты кигізіңіз, оның ұшына вазелин майын жағыңыз.

7. Кушетка жанына еденге шылапшынды қойыңыз.

8. Резеңке түтіктегі қысқышты ашып, аз мөлшерде суды шығарыңыз, онымен бірге ауа шығады, қысқышты жабыңыз.

9. Кушетка үстіне клеенканының бір ұшын шылапшынға қарай салбыратып төсеңіз, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

10.Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтіріңіз, ал сол аяғы кушетка бойымен созылған болуы керек.

11.Сол қолдың I және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжыта 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10 см тереңдікке енгізіңіз.

12.Қысқышты ашып, су ішекке ақырын ене бастағанда науқасты ішпен терең дем алуын сұраңыз (егер де су ішекке түспесе, онда крушканы жоғары көтеріп, ұштықтың қалпын өзгертіңіз), ішекке судың жылдам түсуі ауыр сезінуді болдырады, егер де нәтижесі болмаса, ұштықты шығарып алып, ауыстырыңыз.

13.Су ішекке енгеннен кейін (ішекке ауа түспес үшін, крушканың тар түбінде су қалуы керек) қысқышты жауып,ақырындап  айналмалы қозғалыспен ұштықты шығарып алыңыз.

14.Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжісті жақсы сұйылту үшін 5-10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраңыз.

15.Егер де емшара палатада орындалса, науқасқа дәрет ыдысын беріңіз немесе унитазға дейін апарыңыз.

16. Анус тесігінің айналасын тазартыңыз.

17. Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

18. Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шешіңіз.

19. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

20. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- тазарту клизмасы нәтижелі болғанын санауға болады: егер де 5-10 минут аралығында сумен бірге мол нәжіс көп мөлшердегі желмен (газбен) бөлініп шықса;

- атониялық іш қатуда судың температурасы t-12-20С-дан төмен болмауы қажет, ал спастикалық іш қатуда судың температурасы жоғары (t-37-42С-қа дейін), іш қатуда t-20-25С;

- егер де науқас нәжісті аз мөлшерде тек сумен ішекті босатса, онда науқасты дәрігер қарағаннан кейін клизманы қайтадан қайталау қажет.

 

      

43. СИФОНДЫ КЛИЗМАНЫ ҚОЮ

Мақсаты: ішектің жоғарғы бөлігіндегі ашыған, шіріген, шырышгы, улы заттарды, нәжісті шығару және ішекті жуу.

Қолдану көрсетілімдері: улану, тазарту, жібіту клизмаларынан әсері болмағанда және ішті айдайтын дәрілерді қабылдағанда, ішектің түйілуіне күдіктенгенде, ішекке операция жасағанда науқасты дайындау.

Қарсы көрсетілімдер: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сифон клизмасына арналған бір рет қолданылатын жуан жүйені, сыйымдылығы 1 литрге дейін шыны құйғышты, t-20-22°С температурасындағы 10-12 литр суды, сыйымдылығы 1 литр крушканы, суды ағызуға арналған шылапшынды, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, бір рет қолданылатын клеенкалы алжапқышты, халатты, масканы, жаялықты, вазелинді, су термометрін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқастың аты жөнін сұраңыз, өзіңізді таныстырыңыз.

2. Науқасқа жасалатын емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасты кермемен (ширма) қоршаңыз (егер, емшара палатада орындалса).

4. Гигиеиалық деңгейде қолды тазартыңыз, халатты, масканы, қолғапты, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

5. Кушетка үстіне клеенканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз, оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

6. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, ішіне қарай келтіріңіз.

7. Бір рет қолданылатын жуан жүйенің 30-40 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.

8. Сол қолдың I және II саусақтарымен бөкселелерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен сүңгінің ұшын анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жоғасына қатарластыра отырып 30-40 см тереңдікке енгізіңіз.

9. Резеңкеге құйғышты жалғастырыңыз, құйғышты науқастың бөксе деңгейінде ұстаңыз.

10.Дайындаған құйғышты 1 литр сумен толтырыңыз.

11. Құйғыны      ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, науқастың бөксе деңгейінен төмен түсіріңіз.

12. Құйғы ішек бөлінісімен толғанда, құйғының ішіндегі бөліністі шылапшынға құйыңыз.

13.Жоғарғы ішекті жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз.

14.Салфетка көмегімен бір рет қолданылатын жуан жүйені ептеп шығарыңыз.

15. Науқастың тік ішек айналасын салфеткамен сүртіңіз.

16. Құйғыны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

17. Бір рет қолданылатын клеенкалы алжапқышты, жуан жүйені, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

18. Қолғапты шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

19. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

20.Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз.

21.Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.

 

44. МАЙЛЫ КЛИЗМАНЫ ҚОЮ

 

Максаты: емдік: ішек бұлшық еттерін босансытуға, нәжісті сұйылту, түйілуді азайту және қалыпты ішектін жиырылып кеңеюін қалпына келтіру.

Қолдану көрсетілімдері: тазарту клизмасының әсері болмауы, спастикалық іш қату, ұзақ іш қату. жуан ішектің қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезең, босанғаннан кейін.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кету, тік ішектің қатерлі өскіндігі, анал тесігі аймағындағы сызат немесе тік ішектің түсуі, қансыраған геморрой.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокті, Жане шприцін немесе алмұрт тәрізді баллоншаны, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқастың аты жөнін сұраңыз, өзіңізді таныстырыңыз.

2. Науқасқа жасалатын емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасты кермемен (ширма) қоршаңыз (егер, емшара палатада орындалса).

4. Кушетка үстіне клеенканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз, оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

5.Кушеткаға клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

6.Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғын тізе буынынан бүгіп, ішіне қарай келтірілуі керек.

7.Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киініз.

8.«Су» моншасында t-38°С дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

9.Жел шығаратын түтіктің саңлаусыз домалақ, бітеу ұшына 20-30 см ұзындыққа вазелин майын жағыңыз.

10.Сол қолдың I және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолымен жел шығаратын түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен анал тесігіне тік ішекке қарай жылжытып енгізіп, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

11.Майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алып, енгізер алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос ұшына жалғастырып, ақырын тік ішекке енгізіңіз.

12.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз.

13.Жел шығаратын түтіктен алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцінен шығарып алыңыз.

14.Жане шприціне немесе алмұрт тәрізді баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп (итеріп) жіберіңіз.

15.Жел шығаратын түтікті шығарып алып және алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығын зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

16.Анал тесік аймағының терісін салфеткамен сүртіңіз.

17.Науқасқа ыңғайлы жағдай жасап және терең дем алуын сұраңыз. 10-12 сағаттан кейін дәретке отыруын сұраңыз.

18.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

Ескерту:емшара жасар алдында науқас қуығын босатуы қажет;майлы клизманы емдік мақсатпен жасағанда алмұрт тәрізді баллоншаны қолданыңыз; науқас тізе-шынтақ қалпында болуы қажет; майлы клизманы түнде қою қажет.

 

Мақсаты: ішектің созылып, керіліп, жиырылуын күшейту және мол сұйықтықтың ішек тесігіне жиналу арқылы жуан ішектің төменгі бөлігін нәжістен және желден босату.

Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейінгі кезеңде, атониялық іш қатуда, жуан ішектің шырышты қабығының қабыну процесінде, әр түрлі ішек ісінуінде.

Қарсы көрсетілімдері: жуан ішектің төменгі бөлігіндегі қабыну, ойық жара процесінде, анус аймағының сызатында, асқазан-ішектен қан кеткенде, қанаған геморройда.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: тұзды ерітіндіні (10% натрий хлорид 50-100 мл), алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, лотокті, қысқышты, салфеткаларды, клеенканы, шпательді, қолғапты, жаялықты, вазелин майын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқастың аты жөнін сұраңыз, өзіңізді таныстырыңыз.

2.Науқасқа жасалатын емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

3.Науқасты кермемен (ширма) қоршаңыз (егер, емшара палатада орындалса).

4.Кушетка үстіне клеенканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз, оның үстінен

жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз. Науқасты

кермемен қоршаңыз.

5.Кушеткаға клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

6.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

7.Кушетка үстіне клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз, науқасты кермемен қоршаңыз.

8.Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

9.«Су» моншасында t-38°С дейін жылытылған 150-200 мл тұзды ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

10.Жел шығаратын түтіктің ұшына вазелин майын 20-30 см ұзындығына жағыңыз.

11.Науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бугілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.

12.Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

13.Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына жалғастырып, жаймен тұзды ерітіндіні енгізіңіз.

14.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.

15.Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарып алыңыз.

16.Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап қысып оң қолыңызбен жел шығаратын түтікті шығарыңыз.

17.Аналь тесігі аймағын тазартыңыз.

18.Науқасты арқасымен бұрылып жатып, жіберілген сұйықтықты 20-30 минуттай ұстауын сұраңыз. Науқастың қал жағдайын сұраңыз.

19.Ұштыкты, жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

20.Қолғапты шешіңіз.

21.Қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 22.Қолыңызды, жуып кептіріңіз.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.118.200.154 (0.01 с.)