НАУҚАСТЫ ІШІМЕН ЖАТҚЫЗУ
Мақсаты: төсекте жайлы қалыпты жасау.
Қолдану көрсетілімдері: төсектегі енжарлы және еріксіз қалыптағынауқас, ойылудын алдын алу.
Қажеттілерді дайындау: функциональды кереуетті, 8 кішкентай жастықтарды, 2 жастықты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
2. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Науқасқа ескертіңіз және келісімін алыңыз.
4. Қолыңызды жуып,кептіріңіз.
5. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.
6. Кереуеттің (тормозын) тежеуішін бекітіңіз.
7. Медбике тұрған қыр жағындағы ұстағышты (порученді) түсіріңіз (егерде ол болса).
8. Кереуетке көлденең қалып беріп, науқастың басының астынан жастықты алып, оған көмек көрсетуді қамтамасыз етіңіз.
9. Ішіне аудару жасалатын науқастың шынтақ буынынан жазылған қолын тұлғасының барлық ұзындығына қатар(паралельді) орнатыңыз және қысыңыз, сан астына қолыңыздың ұшын салып, науқасты оның қолы арқылы ішіне «аударыңыз». Егерде науқас денесінің бір жақ жартысында салдану (гемиплегия) болса, онда салданған қол арқылы ішіне аударуды жасаңыз (төсектегі науқасты аудару жеңілденеді).
10. Науқастың денесін кереуеттің ортасына жылжытыңыз (науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету).
11. Науқастың басын бір жақ қырына бұрып, оның астына аласа жастықты салыңыз (ол мойын омыртқаларының бүгілуі мен жазылуын азайтады). Салдануы бар науқастың басын дененің жансызданған жағына бұрыңыз.
12. Кішкентай жастықты науқастың ішіне, диафрагма деңгейінен біраз төмендеу салыңыз (бел омытқаларының жазылуын және бел бұлшық еттерінің күшін азайту үшін), әйелдердің кеуде қысуын азайтады.
13. Науқастың иығынан бүгілген қолдарын, жоғары көтеріңіз, оның қолдары науқастың басына орналасады (науқасқа жайлы қалып беру).
14. Шынтақ астына, білекке және қол ұшына кішкене жастықтарды салыңыз.
15. Табандардың астына жастықты салыңыз, аяқтың саусақтары матрацтың үстінде болуы керек (аяқтың саусақтарын матрацқа кысуын азайтады, табанның салбырауын және оның сыртына бұрылуын алдын ала ескертеді).
16. Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз.
17. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|