ант диабетімен ауыратын пациентке подиатриялық күтім жасау.
37. Қант диабетімен ауыратын пациентке подиатриялық күтім жасау.
Подиатриалық күтім дегеніміз- қант диабетімен ауыратын науқастардың аяқ басына күтім жасау. Қант диабеті асқынуларымен қауіпті. « Диабеттік табан» өмірге қауіп төндіретін асқынулардың бірі болып саналады,жиі гангрена (шіру) дамуына,аяқ ампутациясына алып келеді. Мұндай асқынулар қант диабетінде қант айналым нашарлауымен, иммунитеттің әлсіреуімен байланысты.Әсіресе аяқ басында қан айналым нашарлайды,сезімталдық төмендейді. Қан айналымының нашарлауы біртіндеп некрозға,жұқпа енуіне алып келеді,сондықтан қантты диабетпен ауыратын пациенттерге күтімнің бастысы-аяқ басына күтім жасау. Аяқ басына қарау бойынша ұсыныстар: 1. Аяқ басын қарау күнде жүргізілу керек. 2. Аяқтың өкшесін әйнек көмегімен қарау. 3. Аяқ басын кератоз аймақтарын, ылғалды жерлерін және тері температурасы мен сезімталдығын анықтау мақсатында мұқият қарау. Күтім бойынша ұсыныстар: 1. Күнделікті аяқтарды жылы сумен жуу.Су температурасын 35-37 С-тан артық емес,оны термометрмен өлшенген жөн. 2. Аяқтарды буламау. 3. Аяқтың өкшесін және башпайлардың арасын жұмсақ сүлгімен құрғату. 4. Аяқ өкшесінің терісін маймен майлау. 5. Аяқтағы тырнақтарды тіке,бұрыштарын айналдырмай қысқарту. 6. Жалаңаяқ жүрмеу,аяққа жылытқыш қолданбау. 7. Аяқ басы терісінде өзгерістер пайда болған жағдайда дереу дәрігерге көріну. Аяқ киім таңдау бойынша ұсыныстар: 1. Аяқ киімді кешке қарай таңдау керек. 2. Аяқ киім жұмсақ былғарыдан тігілген болу керек. 3. Аяқ киімнің ішінде бөтен заттардың,тігістердің жоқтығын тексеру. 4. Мақта-матадан тоқылған,резеңкесі тар болмаған шұлық кию.
38. Стомаларға күтім жасау. Стома айналасындағы теріні қорғау.
Операциядан соң стомаларға таңу бөлмесі медбикелері немесе стоматерапевттер күтім жасайды. Стоманың түсін бағалау үшін стоманы жиі қарау керек. Ішектердің қызыл түсі оның өмір сүру қабілеті бар екендігін көрсетеді,ал ішекте қанайналым жүйесі бұзылғанда оның түсі қара-қоңыр болып келеді. Сонымен қатар стома мен тері арасындағы тігіс сызығының бүтіндігіне назар аудару қажет.
Операциядан соң алғашқы 24-48 сағатта стома рақылы серозды қан аралас шырыш бөлінеді. Ішек қызметінің қайта қылпына келуімен стома арқылы газдар бөлінеді. Барлық стомаларда бастапқы кезде ішектен сұйық нәжіс бөлінеді. Сонымен қатар су балансы бұзылуы белгілері,терінің тітіркенуі болуы мүмкін.
Стомаға күтім жасаудың маңызды компоненттерінің бірі-теріні қорғау. Стома бөлінділері айналасындағы теріні қатты тітіркендіруі мүмкін. Қазіргі уақытта теріні тітіркендірмейтін заттардан тұратын арнайы жабысқақ пластиналар шығарады. Пластина пациент денесінде 7 күнге дейін тұрады. Оны орнатқан кезде ол теріні тітіркендірмей,қыртыстары оңай тегістеледі, «екінші тері» сияқты болады. Бұл пластинаға ішек құрамының ағып кетуіне кедергі жасайтын арнайы жинағыш қапшық бекітіледі.
Колостома айналасы терісі арнайы дәрілік зат (тағайындаумен) мысалы,Стомагезив-пастамен өңделеді. Ол теріні нәжіс массаларымен ластануын болдырмайды,қабынуға қарсы әсер етеді.
Операциядан кейінгі кезеңде емдік мекемеде жүргізіледі:
· Үй жағдайларында стомаға күтім жасауға қажет заттарды таңдап беру.
· Стомаға күтім жасауды пациентке,қажет жағдайда туыстарына үйрету.
· Пациентке,оның туыстарына қажет заттарды (пластина,жинағыш қапшық,паста) қалай,қай жерде алатынын түсіндіру.
· Стомаға күтім жасау.
|