Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

МҰРЫН ҚУЫСЫНАН ЖАҒЫНДЫ АЛУ

Поиск

 

Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: мұрын микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда.

Қажеттілерді дайындау:штативті мақта-дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларымен, материал алу үшін құрғақ мақта тампондары бұралып жасалған темір өзегі бар таяқшаны, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді, пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті, штативті, стеклографты, жолдама бланкісін, резеңке қолғапты, масканы, вазелин майын, турундаларды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз, бет пердені киіңіз

4. Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз.

5. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «Мұрын-2» , пробирканы штативке орнатыңыз.

6. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.

7. Науқаска қарама-қарсы тұрыңыз.

8. Науқастың мұрын қуысын қарап, оның таза екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

9. Мұрын қуысының алдыңғы бөлігін тазартып алыңыз (науқастың мұрнын сіңбіруін сұраңыз), вазелин майымен оларды жібітіп алып мұрын ішіндегі қабыршақтарды тазалап алыңыз. Содан кейін құрғақ мақта турундасымен тазартыңыз.

10. Беті жабық «Мұрын-2» деген пробирканы сол қолдың ІІІ-ІV-V саусақтары астына алыңыз, ал оң қолмен тығынынан ғана ұстап, пробирканың (оң қолдың саусақтары тек пробирканың тығынына ғана тиуі тиіс) ішіндегі мақта оралған темір өзекті шығарып алыңыз.

11. Науқастың мұрынының ұшын сол қолдың үлкен саусағымен көтеріңіз, ал оң қолмен тампонды жеңіл айналмалы қозғалыспен бір мұрын қуысына, содан кейін екінші мұрын қуысы ішіне 1,5-2 см тереңдікке, мұрын қабырғаларына, мұрын пердесіне тығыз жанастыра тигізіп енгізіңіз.

12. Мұрын қуысынан тампонды шырышпен шығарыңыз.

13. Ептеп пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай өзекті оның ішіне тампонды енгізіңіз.

14. Пробирканың ауызы тығыз жабылғанын қадағалаңыз.

15. Пробирканы штативке орналастырып сосын бикске оны «тығыздап» жабыңыз.

16. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

17. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

18. Алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жіберіңіз.

Ескерту: материалды апарғанға дейін t-14-6°С тоңазытқышта сақталуы қажет.

50. ЗӘРДІ БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ АЛУ



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.188.231.128 (0.01 с.)