Назогастральды зонд арҚылы тамаҚтандыру
35. ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫ
Мақсаты: науқасты зонд арқылы тамақтандыру.
Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтың, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктер, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауру тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе қақпақшаның тарылуы. Өңеш және асқазан-ішек жолдарына операциядан кейінгі кезең.
Қарсы көрсетілімдері: асқазан ойық жара ауруы, өршу сатысында.
Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған, 8-10 мм диаметрдегі жіңішке асқазан зонды, 200 мл ойымшаны (воронка) немесе Жане шприцін, салфеткаларды, жылы су немесе ертінді, қысқышты, фонендоскопты, 3-4 стакан жылы сұйық тамақты 600-800 мл мөлшерінде, лотокті, жабысқыш пластырді, қолғапты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың аты-жөнін сұраңыз).
2. Науқасқа және туыстарына емшараның барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.
3. Қажетті құралдарды дайындаңыз.
4. Науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз, басын сәл ғана бір қырына бұрып, кеудесін салфеткамен жабыңыз.
5. Науқасқа зонд енгізбес бұрын мұрын қуысын тексеріңіз, қажет болған жағдайда мұрын қуысын өңдеңіз (стандартты қараңыз).
6. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап, бетперде, көзілдірік киіңіз.
7. Енгізетін зондтың ұзындығын анықтаңыз: зондта екі белгі болуы керек: бірінші белгі төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық (науқастың бойының ұзындығынан 100 см алып тастап өлшеуге де болады). Зондқа белгі салыңыз.
8. Жылы суды лотокқа құйып және оған зондты белгіге дейін батырыңыз.
9. Төменгі мұрын жолы арқылы жіңішке асқазан зондын 15-18 см тереңдікке енгізіп, аузын ашуын сұраңыз, зондты шпателдің көмегімен жұтқыншақтың артқы қабырғасына итеріңіз,ары қарай жұтыну арқылы зондты екінші белгісіне дейін енгізіңіз (науқаста лоқсу сезімі пайда болса, мұрын арқылы терең дем алуын сұраңыз).
10. Жане шприцін зондқа жалғастырып, поршенді өзіңізге кері қарай тартыңыз: асқазан сөлінің шығуы, зондтың асқазанда екенін көрсетеді.
11. Зондты қысқышпен қысып, шприцті алыңыз. Зондтың сыртқы шетін лотокқа салыңыз.
12. Зондты науқастың бетіне бекітіңіз (немесе жабысқыш пластырмен мұрынның қырына). Жане шприціне даярланған жылы сұйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз.
13. Зондтан қысқышты алыңыз, Жане шприц пен зондтың байланысқан жерін сол қолымызға ұстап, науқастың деңгейінен жоғары көтереміз, оң қолымызбен поршенді басып жәймен сұйықтықты жібереміз.
14. Тамақтандырғаннан кейін зондқа қайнатылған су жіберіңіз.
15. Зондтың шетіне қысқыш салып, Жане шприцін шығарып алыңыз. Зондтың шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, келесі тамақтанғанга дейін науқастың мойынына ілгекті бинтпен бекітіңіз (немесе оны науқастың киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).
16. Тамақтандыру біткеннен кейін жартылай жату қалпында 30 минутқа қалдырыңыз.
17. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып кептіріңіз.
Ескерту: жасанды тамақтандырудың барлық кезеніңде сүнгіні 2-3 аптадай қалдырады, шырышты қабықтың ойылуының алды алуын жүргізеді:
- t-38-40° су моншасында тамақты жылытады;
- егерде қарсы көрсетілімдері болмаса, науқас отыру қалпында болады;
- егерде науқастың ес түсі болмаса, басы қырына бұрылған, жатқан қалыпта болады;
- сүңгі енгізіп жатқанда кеңірдікке түссе: науқас көгереді, жөтеледі, ентігеді, бұл жағдайда сүңгіні жылдам шығару қажет.
|