Жалпы клиникалыҚ анализге ҚаҚырыҚты жинау
20. ЖАЛПЫ КЛИНИКАЛЫҚ АНАЛИЗГЕ ҚАҚЫРЫҚТЫ ЖИНАУ
Мақсаты: қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары.
Қажеттілерді дайындау:
- таза құрғақ, кең ауызды 50-100 мл банкіні;
- банкінің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палатасының №, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні);
- 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі қайнатылған су температурасы 37°С.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз
4. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп, оның рұқсатын алыңыз.
5. Қақырық таңертең (ашқарынға) ерте асқа дейін алынады.
6. Науқастан сұраңыз:
- таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды;
- тұп-тура қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды;
- тік тұруды немесе тік отыруды;
- қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында банкіні ұстауды; оған жанаспай, терең дем алуды және дем шығаруды жасап, сосын жөтелуді; қақырықты 3-5 мл мөлшерде банкіге жинаңыз;
- қақырығы бар банкіні қақпақпен жабыңыз.
7. Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде зертханаға жіберіңіз.
Ескерту:
- егерде жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-ден аз болса, онда қақырықты жинау процедурасын қайталау қажет;
- қақырынған кездегі қақырық емес, тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана зерттеуге жатады екенін науқасқа ескерту қажет.
21. АТИПТІК ЖАСУШАЛАРҒА ҚАҚЫРЫҚТЫ ЖИНАУ
Мақсаты: қақырықтағы қатерлі ісік жасушаларын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: тынысалу мүшелерінің аурулары, қатерлі ісік ауруларына күдік болған жағдайда.
Қажеттілерді дайындау:
- таза құрғақ, кең ауызды 50-200 мл банкіні;
- банкінің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палата нөмірі, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз
4. Науқасқа қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы мәліметті айтып, оның рұқсатын алыңыз.
5. Қақырық ерте таңертең (ашқарында) асқа дейін жиналады.
6. Науқастан сұраңыз:
- таңертең, қақырықты 2 сағаттай жинамас бұрын тісін тазалауды;
- ауыз қуысы мен жұтқыншақты қайнатылған сумен тұп-тура қақырық жинар алдында шаюды;
- тік тұруын немесе тік отыруын;
- қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында банкіні ұстауды;
- бірінші рет терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді.
7. Жаңа бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты банкіге жинап, оны қақпақпен жабыңыз.
8. Жиналған қақырықты тез арада кешіктірмей оны жылы күйінде зертханаға жіберіңіз, себебі атиптік жасушалар жылдам бұзылады.
|