Перифериялық көктамыр катетеризациясы
36. Перифериялық көктамыр катетеризациясы
Перифериялық көктамыр катетеризациясы – бұл ұзақ мерзімді көктамырға дәрілерді құю үшін көктамыр катетерін қою.Әлемде 1жыл ішінде 500 миллионнан астам перифериялық көктамыр катетері орнатылады. Өндірісте сапалы катетерлердің көбеюі нәтижесінде перифериялық көктамыр катетеризациясын жүргізу әдісі жиі қолданылып келе жатыр. Бұл әдістің тиімді екенін медицина қызметкерлерімен қоса пациенттер де мойындап отыр. Катетеризация пациентті мобильді етеді,қимыл – әрекет кезінде көктамыр зақымдануларының алдын алуға мүмкіндік береді. Көктамыр катетеризациясы жиілігінің өсуімен қатар қан ағымында катетер – ассоциацияланған инфекциялар сиқты асқынулар жиілігі де өсті.Олар нозокомиальді инфекция ішінде үшінші орынды және бактериемия себептері ішінде бірінші орынды алады. Шеткі көктамыр катетеризациясы медицинада жиі қолданылатын инвазивты емдеу әдістеріне жатады.Бұл емшара перифириялық венозды катетер көмегімен орындалады.
Перифериялық көктамыр катетерін қою көрсетпелері:
· Пациент ауыз арқылы сұйықтықтар қабылдай алмаған жағдайда су балансын қолдау және коррекциялау үшін
· Дәрілік ерітінділерді жиі енгізу үшін
· Қан және оның компоненттерін құю үшін
· Парентеральді тамақтандыру
· Ота жасау
· Аймақты анестезия
Перифериялық көктамыр катетері құрылысы,түрлері:
Перифериялық көктамыр катетері келесі бөліктерден тұрады :
Ø Катетер (жұмсақ,иілгіш)
Ø Ине – өткізгіш (қатты)
Ø Бітеуіш (қуыс бекітетін қақпақша)
Ø Қорғаныс қақпақшасы
Ø Кейде қосымшақұрылғы – кішкене қанаттар
Катетер және көктамырды таңдаудың негізгі принциптері
Катетер таңдаудың негізгі принципі - қолжетімді перифериялық көктамырлардың ең ірісіне қажетті енгізу жылдамдығын қамтамасыз ететін өлшемі кішкентай катетер қолдану. Катетер таңдауда пациенттің ерекшеліктерін,емдеу жоспарын,катетерді қолдану мерзімін ескеру керек. Перифериялық венозды катетермен жұмыс істегенде асептика қатаң сақтау,стерильді қолғаппен жұмыс істеу,дәрілік заттарды әр енгізген сайын стерильді бітеуішті ауыстырып отыру қажет.
Перифериялық катетер қою үшін көктамырды таңдау:
Көктамырдың келесі қасиеттерін ескеру ұсынылады:
1. Бүйір тамырлары жақсы дамыған , жақсы көрінетін көктамырлар
2. Бүйір болмаған дене жағының көктамырлары оңқайларда – сол жақ, солқайларда –оң жақ көктамырлары
3. Алдымен дисталды орналасқан көктамырларды қолдану
4. Ұстағанда жұмсақ және иілгіш көктамырларды қолдану
5. Оталық араласу жағына қарама қарсы жақтағы көктамырларды пайдалану
6. Диаметрі үлкен болған көктамырлар.
Перифериялық катетер қойылатын анатомиялық орындар:
§ Алақанның сырт жағындағы көктамырлар
§ Білектің ішкі бетінің көктамырлары.
|