Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Іш ҚҰртыныҢ жҰмыртҚасын аныҚтауҒа нӘжісті алу

Поиск

16. ІШ ҚҰРТЫНЫҢ ЖҰМЫРТҚАСЫН АНЫҚТАУҒА НӘЖІСТІ АЛУ

 

Мақсаты: нәжістегі іш құртының жұмыртқасын табу.

Қолдану көрсетілімдері: гельминтоздар түрлерін және ішек құртын анықтау.

Қажеттілерді дайындау: 20-50 мл кең мойынды құрғақ таза ыдысты, судноны, горшокты, қалақшаны (ағаш, шыны), жолдама жазып, флаконның сыртына желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, медбикенің қолы).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз

4. Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

5. Зерттеу болар алдында дайындықсыз таңертең нәжісті жинауды науқасқа түсіндіріңіз.

6.  Нәжіс жинау іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз:

- науқас нәжіс жинар алдында қолғапты киюі қажет;

- үлкен дәретке сусыз судноға отырған соң, нәжістің әртүрлі үш жерінен 3-5 г нәжісті қалақшамен алып, даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабады.

7. Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып және құрғатуы қажет.

8. Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып және құрғатуы қажет.

9. Ыдыстың ішіндегі нәжісті жылы түрінде клиникалық лабораторияға апарыңыз (30 минут) кешіктермей.

Ескерту: құртқа қарсы дәрілерді қабылдаған күндері емді бақылау үшін зерттеуге нәжістің барлық үлесін жинайды.

17. ЖАСЫРЫНДЫ ҚАНДЫ АНЫҚТАУҒА НӘЖІСТІ АЛУ

Мақсаты: ас қорыту жолдарынан жасырынды қан ағуды айқындау.

Қолдану көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарындағы ойық жара, қабыну және қатерлі ісік процестері.

Қажеттілерді дайындау: 20-30 мл кең мойынды құрғақ таза ыдысты, жолдама жазып, флаконның сыртына желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, медбикенің қолы).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз

4. Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз. Алда болатын анализге дейін науқас 3 күн бойы арнайы диетада болуы қажет. (рационынан ет, балық, көкөністің барлық түрлері, граната, қызанақ, жұмыртқа, қызылша, құрамында темір, магний, висмут, йод, бром бар дәрілік заттар, сол сияқты карболен шығарылады).

5. Науқасқа түсіндіріңіз, нәжіс зерттейтін күні таңертең алынады.

6. Науқастан немесе жанұя мүшелерінен біліңіз, басқа жақтан қан кету көзі болмағанын анықтаңыз (тістің қызыл етінен қан кетуін, қан қақыру, тік ішек айналуы, етек кір), болған жағдайда жалған нәтиже береді.

7. Егерде жауап дұрыс болса нұсқау беріңіз, нәжіске қанның түспеуін болдырмайтын:

- 3 күн бойы тісін щеткамен тазалауға болмайды;

- егер науқастың мұрынынан немесе геморройынан қан кету болса, онда зерттеу жүргізілмейді

8. Науқасқа нәжісті жинау іс-әрекетін түсіндіріңіз.

9. Нәжіс жинау алдында резеңке қолғап киіңіз.

10. Ішті босату унитазда емес, сусыз дәрет ыдысында (суднода) болу керек екенін науқасқа түсіндіріңіз

11.   Үлкен дәретке отырған соң 5-10 г нәжісті алып, даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабыңыз.

12. Ыдысты ішіндегі нәжіспен лабораторияға жіберіңіз.

13. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.141.37.40 (0.006 с.)