Халі ауыр науҚастыҢ тӨсек-орын тыстарын ауыстыру
57. ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ ТӨСЕК-ОРЫН ТЫСТАРЫН АУЫСТЫРУ
(көлденең әдіс) (екі медбикемен орындайды)
Көлденең ауыстыру әдісі науқас ес-түссіз жатқан жағдайда немесе қатаң төсек тәртібінде болғанда қолданылады.
Мақсаты: төсекте жатқан науқасқа жайлы жағдай жасау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Қажеттілерді дайындау: таза ақ жайманы, ластанған төсек-орын тыстарын салатын клеенка қапшықты, қолғапты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
2. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Науқасқа ескертіңіз және келісімін алыңыз.
4. Қолыңызды жуып,кептіріңіз.
5. Таза ақжайманы көлденеңінен шиыршықтап бүктеңіз (бинт тәрізді).
6. Бір медбикенің алақандарын жоғары қаратып ұстап науқастың басы мен иықтарының астына қолын жіберіп, абайлап денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз, жастықтарды алып тастаңыз.
7. Ластанған ақжайманы шыйыршықтап, кереуеттің бас жағынан бастап науқастың беліне дейін бүктеңіз, сонымен бір уақытта таза ақжайманы кереуеттің бос қалған жеріне төсеңіз.
8. Таза ақжайманың үстіне жастықтарды қойып, оған науқастың басын түсіріңіз.
9. Науқастың жамбасын, содан кейін аяқтарын көтеріңкіреп, ластанған ақжайманы жинап алыңыз да, орнына таза ақжайманы жазып жайып шығыңыз.
10. Науқастың жамбасын және аяқтарын аяқ жақ бағытына қарай түсіріңіз, ақжайманың шеттерін матрацтың астына бүктеңіз. Науқастың үстін жабыңыз.
11. Тыстарға арналған клеенка қапқа ластанған ақжайманы салыңыз және оны шаруашылық медбикесіне тапсырыңыз.
12. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
58. НАУҚАСТЫҢ ІШКІ КИІМДЕРІН АУЫСТЫРУ
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Қолдану көрсетілімдері: іш-киім, жейделердің ластануы, науқастың қатты терлеуі.
Асқынулары: науқастың төсектен құлап кетуі, жалпы жағдайының нашарлауы, медбикенің қолымен терінің жарақаттануы және жұқпаны жұқтыруы.
Қажеттілерді дайындау: таза іш киім жиынтығын, ластанған киімдерді салуға арналған клеенка қапты.
Іс- әрекет алгоритмі:
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
2. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Науқасқа ескертіңіз және келісімін алыңыз.
4. Қолыңызды жуып,кептіріңіз.
5. Өзіңіздің сол қолыңызды науқастың арқасының астына салыңыз.
6. Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз.
7. Ластанған жейденің етек жағынан жинап, оны қолтық асты аймағына және желкесіне дейін шыйыршықтаңыз.
8. Науқасты сүйемелдеп тұрып ластанған жейдені басынан асырып шешіп алыңыз.
9. Науқасты жастыққа жатқызып, екі қолын жейденің жеңдерінен босатыңыз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда жейдені алдымен сау қолдан, содан кейін ауру қолдан шешіңіз).
10. Таза жейденің жеңдерін қолдарына кигізіңіз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда алдымен жарақаттанған қолға, содан кейін сау қолға кигізіңіз).
11. Жейдені басынан өткізіңіз және оны бойымен жазыңыз.
12. Науқасты жастықтарға жатқызыңыз, кеудесіндегі жейдені түзетіңіз.
13. Ластанған жейдені клеенка қапқа салыңыз.
14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: Қатаң төсек тәртібінде жатқан науқасқа түймесіз кең жейде кигізіңіз. Кеуде торының алдын жауып алдымен абайлап бір қолына, содан кейін екінші қолына кигізіңіз. Оның төсектегі қалпын өзгертпей, кең жейденің бос қалған екі жағын науқастың кеуде торының екі жағы бөлімдерінің астына қайырып қояды.
|