Перифериялық көктамыр катетеризациясы үшін қажет болған стандартты жинақ
Перифериялық көктамыр катетеризациясы үшін қажет болған стандартты жинақ
Ø Манипуляциялық үстелше,клеенкалық жастықша
Ø Стерильді астауша
Ø Қолданылған заттарға арналған астауша
Ø Шприц көлемі 10мл 0,9 % NaCl ерітіндісімен
Ø Стерильді мақта шариктері мен салфеткалар
Ø Лейкопластырь
Ø Қайшы
Ø Тері антисептигі
Ø Бұрау
Ø Перифериялық венозды катетерлер
Ø Стерильді қолғап
Ø Бинт
Ø Утилизацияға арналған контейнер
Перифериялық көктамыр катетерін қою техникасы
Қажет заттарды жинап,көктамырды таңдап алған соң,қолды өңдеп,қолғап киіп канюляцияны бастаймз.Перифериялық көктамыр катетерін дұрыс қою үшін катетерді колденең немесе тігінен ұстаймыз.
Көбіне көктамырды инемен тесуге үйреніп қалған медбикелер көлденең ұстауды таңдайды. Ал тігінен ұстау инені канюляға қарай сенімді бекіту үшін (әсіресе теріс доғал пациенттерде) және иненің канюля ішіне «кетіп қалмауы» үшін қолайлы. Теріні антисептикпен өңдегеннен соң ине канюлясымен енгізіледі.
Индикатор камерасында қан көрінген жағдайда инені әрі қарай енгізілу тоқтатылады. Ине-өткізгіштігі бір қолмен бекітіп,көктамырға әрі қарай тек катетер енгізіледі, ол біртіндеп ине-өткізгіштен шешіледі.Катетер қажетті ұзындыққа енгізілген соң ине- өткізгіш алып тасталады.Содан соң катетер арнайы бітеуішпен жабылады, лейкопластырь немесе арнайы пластырьмен бекітіледі. Порт немесе арнайы жүйе арқылы (портталмаған катетерлерде) катетер жуылады.
Катетерге күнделікті күтім жасау
1. Катетерге әр кез жүйе немесешприцті жалғастыру- бұл инекция егу жолы. Жүйені жиі қолмен ұстауға болмайды,қатаң асептика сақтап тек қана стерильді қолғапта жұмыс істеу қажет.
2. Стерильді бітеуіштерді жиі ауыстырып отыру қажет. Ішкі беті микробтармен ластанған бітеуіштерді қолдануға болмайды.
3. Антибиотиктерді, глюкоза ерітінділерін,қан репараттарыненгізгеннен соң катетерді аз мөлшердегі физиологиялық ерітіндімен жуу керек.
4. Катетерді бекіткен таңғышты жиі байқап,қажет жағдайда ауыстырып отыру керек.
5. Асқынуларды ерте анықтау мақсатымен пункция орнын үнемі қарау керек. Ісіну ,қызару, жергілікті қызба,катетер өткізгіштігінің бұзылуы,катетерден сұйықтық ағу және дәрілерді енгізу кезінде ауырсыну сезімі болған жағдайда дәрігерге хабарлау және катетерді алып тастау қажет.
6. Тромбофлебриттің алдын алу үшін пункция орнын жоғары тромболитикалық майларды (мысалы «гепаринді» «троксевазин») жұқа етіп жағу керек.
7. Әр бір инфузиядан соң катетерді порт арқылы гепаринді ертіндімен (5мл натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісіи+ 2500Б гепарин ) жуу қажет.
|