НАУҚАСТЫ ҚЫРЫМЕН ЖАТҚЫЗУ
Мақсаты: төсекте жайлы калып жасау.
Қолдану көрсетілімдері: төсектегі енжарлы және еріксіз калыптағы науқас,
ойылудын алдын алу.
Қажеттілерді дайындау: функциональды кереуетті, 3 жастықты, аяққа арналған тіреуді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
2. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Науқасқа ескертіңіз және келісімін алыңыз.
4. Қолыңызды жуып,кептіріңіз.
5. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.
6. Қолыңызды жуып, жеке орамалмен сүртіңіз.
7. Кереуеттің тежеуішін (тормозын) бекітіңіз.
8. Медбике тұрған қыр жағындағы ұстағышты(порученді)түсіріңіз (егерде ол болса).
9. Кереуеттің бас жағын түсіріңіз.
10. «Арқасымен жатқан» қалыптағы науқасты кереуеттің шеткі жағына жақындатып жылжытыңыз.
11. Науқасты оң жақ қырына бұрғанда сол аяғын бүгу, егерде сіз науқасты оң жақ қырына бұрғыңыз келсе, онда науқастың аяғын тізе буынынан, оң тізе астындағы ойысқа сол аяқты тығып жіберіңіз.
12. Бір қолыңызды науқастың иығына қойыңыз, екіншісін санына, науқасты өзіңізге қарай бұрыңыз (буынның және ұлпалардың жарақатын азайту үшін).
13. Тізеден бүгілген санға бір қолды, ал екіншісін медбикеге қарама-қарсы иығына «рычаг принципін» қолдана отырып салыңыз, науқасты қырына бұрыңыз.
14. Науқастың басына және мойынының астына жастықты салыңыз (мойынды қырына бүгілуін және төс-бұғана бұлшық етінің кернеуін азайту үшін). Жауырынды алға жылжытыңыз (иық буынына дене салмағының әсер етуінен қорғау үшін).
15. Науқастың екі қолына сәл бүгілген қалыпты беріңіз. Жоғарғы жатқан қолы, дене иық және бас деңгейінде жату қажет (иық буындарын қорғау және кеуде торысының қозғалысын жеңілдету, өкпе вентиляциясын жақсарту үшін).
16. Шынтақтан бүгілген келесі «төменгі» қолын басының қасындағы жастыққа салыңыз.
17. Науқастың арқасы астына ұзындығы бойынша салынған жастықты салыңыз (науқасты қыр қалпында ұстау үшін).
18. Науқастың жартылай бүгілген «жоғарғы» аяғы астына шат аймағынан аяғына дейін жастықты салыңыз (аяқтың түзулігін қамтамасыз ету, тізе және тобық буындары аяқ басы сүйектерінің шығынқы жері аймағының қысуын болдырмау, аяқтың жазылуын болдырмау).
19. «Төменгі» аяқтың табанына құмы бар қапты орналастырыңыз (оның салбырауын алдын ала ескерту және аяқтың сыртқы бүгілісін қамтамасыз ету).
20. Науқас ыңғайлы жатқанына көңіліңізді бөліңіз, науқастың дене қалпының дұрыстылығын тексеріңіз.
21. Кереуетті түсіріп және қыр жағындағы ұстағышты(порученді)көтеріңіз (науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету).
22. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|