Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Науқасты ылғалды сүрту.Содержание книги
Поиск на нашем сайте
3. Құлақты күту. Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, құлақ ауруларының алдын-алу, құлақ құлығының жиналып қалу себебінен есту қабілетінің төмендеуін ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу. Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, есту жолында құлықтың жиналып қалуы. Қарсы көрсетілімдері: құлақ қалқанындағы және сыртқы есту жолындағы қабыну процестері. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: науаны, тамызғышты, пинцетті, мензурканы, мақта турундаларын, сүрткілерді, қолғаптарды, 3%-дық сутегі асқын тотығы ерітіндісін, сабынды суды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз). 2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. 3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз. 4. Ішінде сабынды суы бар ыдысты дайындаңыз. 5. Науқастың басын тазаланатын құлаққа қарама-қарсы жағына қисайтыңыз, лотокті астына қойыңыз. 6. Сүрткіні жылы сабынды ерітіндіде ылғалдап алып, құлақ қалқанын сүртіңіз: сосын оны құрғақ сүрткімен құрғатыңыз (кірді кетіру үшін). 7. Алдын-ала су моншасында (t-36-37°С) жылытылған 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін залалсыздандырылған мензуркаға құйыңыз. 8. Оң қолыңызға мақта турундасын алып, 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісіне сулаңыз, ал сыртқы есту жолын түзету мақсатымен сол қолыңызбен құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартыңыз,құрғақ турунданы жеңіл айналмалы қимылдармен сыртқы есту жолына 1 см тереңдіктен асырмай енгізіп, оны 2-3 минутқа қалдырыңыз. 9. Турунданы сыртқы есту жолынан айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл есту жолындағы бөліністер мен құлықтың шығуын қамтамасыз етеді. 10. Екінші есту жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз. 11. Қолғаптарды шешіңіз. 12. Қолданылған қолғапты, турундаларды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті, мензурканы ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. 13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: құлақты тазалаған кезде мақтаны қатты затқа орауға болмайды, есту жолы жарақаттануы мүмкін. 4. Мұрын қуысын күту. Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, мұрынмен дем алудың бұзылуының алдын ала ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу. Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, мұрын қуысындағы қатып қалған қабыршықтардың және шырышты бөліністердің болуы. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта турундаларын, мензурканы, пинцетті, вазелин ,лотокті,қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз). 2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. 3. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз. 4. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз. 5. Сол қолдың 4-саусағын науқастың маңдайына қойып, ал бас бармақпен мұрынның ұшын көтеріп, мұрын қуысындағы сілемейлі бөлінулердің, кеуіп қалған қабыршықтардың барлығын қараңыз. 6. Сілемейлі бөлінулерді алып тастау үшін мақта турундаларын жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолдарына енгізіңіз. 7. Мұрын жолдарындағы құрғақ қабыршықтарды жұмсарту үшін, мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз. 8. Турунданы пинцетпен алып, вазелин майымен ылғалдаңыз,мензурканың шетіне аздап қысып, сығыңыз. 9. Оң қолыңызға турунданы алып, жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолына енгізіңіз және оны 2-3 минутқа сол жерде қалдырыңыз (катып қалған қабыршықтар болған кезде). 10. Мұрын жолдарынан турунданы айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл мұрын жолындағы қатып қалған қабыршықтардың шығуын қамтамасыз етеді. 11. Екінші мұрын жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз. 12. Қолғапты шешіңіз. 13. Қолданылған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті, мензурканы зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. 14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. 5. Халі ауыр науқастың шашын күту. Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау. Қолдану көрсетілімдері: науқастың енжарлық қалпы. Дайындаңыз: жылы суды (37-38°С), сабынды немесе сусабынды, шылапшынды, крушканы, тісі жиі тарақты, сүлгіні, 6% сірке су ерітіндісін, таза бас орамалды (мақта-матадан жасалған) кірлеген іш киімдерді салатын қапшықты. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз). 2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. 3. Халі ауыр науқастың басын төсегінде жуыңыз. 4. Басына көтеріңкі қалып беріңіз, арнайы бастың астына қоятын құралды немесе матрацты валик тәрізді домалақтап, оны науқастың басының астына қарай қатты бұраңқырап қойыңыз, оның үстіне клеенка төсеңіз. 5. Науқастың басын мойын деңгейінде артқа қарай шалқайтыңыз. 6. Керуеттін бас жағындағы орындықтың үстіне науқастың мойын денгейінде ішінде жылы суы бар шылапшынды қойыңыз. 7. Науқастың басын сумен ылғалдаңыз, шашын сабындаңыз, бастың терісін мұқият түрде ысқылаңыз. 8. Шашты бастың маңдай бөлігінен артқа қараған бағытта сабынмен немесе сусабынмен жуыңыз. 9. Шашты сумен шайыңыз және оларды сүлгімен сығып құрғатыңыз. 10. Шашты тісі жиі тарақпен күнделікті тараңыз. Қысқа шаштарды шаштың түбірінен ұшына қарай , ал ұзын шаштарды бұрымға бөліп алып, ұшынан түбіріне қарай жайлымен тарайды. Оларды жұлмауға тырысыңыз. 11. Басына таза орамалды тағыңыз. 12. Бас астындағы құралды орнына түсіріңіз, барлық күтім заттарын жинап алыңыз, матрацты түзетіңіз. 13. Қолданылған күтім заттарын зарарсыздандыратын ерітіндіге салыңыз. Ескерту: - халі ауыр науқастың басын (егер қарсы көрсетілімдері болмаса) аптасына 1 рет жуу керек; - осы емшараны жүргізу үшін өте ыңғайлы бастың астына қоятын арнайы құрал болып табылады, бірақ кереуеттің арқасы алмалы-салмалы болуы қажет, ол күрделі емшараны жеңілдетеді; - әйелдің шашын тісі жиі тарақпен күнделікті тарайды; - ерлердің шаштарын қысқартып алып тастайды; - 6% сіркесу ерітіндісімен суландырылған тісі жиі тарақ қайызғақты және шаңды өте жақсы тарайды. Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, тері тазалығын ұстау. Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр халі, қатаң төсек тәртібі кезінде. Дайындаңыз: клеенканы, жаялықты, лотокты, шылапшынды, t-35-37°С жылы суды, сүлгіні немесе салфетканы, ауыстыратын іш киімдерді және төсек-орын тыстарын, қолғаптарды, шүберектен тігілген биялайды, лас төсек-орын тыстарына арналған қапты. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз). 2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. 3. Науқастың астына клеенканы төсеңіз. 4. Шылапшынға жылы су құйыңыз. 5. Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін жалаңаштаңыз. 6. Салфетканы, сүлгінің жарты бөлігін немесе шүберек биялайды жылы сумен ылғалдаңыз, артық суды жеңіл ғана сығыңыз. 7. Науқастың терісін келесі ізбе-ізділікпен сүртіңіз: бетін, иегін, құлақтарының артын, мойнын, қолдарын, кеудесін, сүт бездерінің асты іркістерін және қолтық асты ойықтарын. 8. Науқастың денесін сүлгінің құрғақ жағымен осындай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіп, ақжаймамен жабыңыз. 9. Тура осындай ізбе-ізділікпен арқасын, ішін, сандарын, аяқтарын сүртіңіз. 10. Қолдың тырнақтарын алыңыз. 11. Іш киім-кешектерін және төсек ақжаймаларын ауыстырыңыз (қажет болған жағдайда). 12. Қолғаптарды шешіңіз. 13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
7. Халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу. Мақсаты: жыныс мүше аймағын тазалықта ұстау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр бөліп шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын-алу. Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр халі. Дайындаңыз: ішінде жылы ( t 37-380С) әлсіз калий перманганаты ерітіндісін, фурациллин ерітіндісін немесе суы бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын, корнцангті, залалсыздандырылған сүрткілерді, клеенканы, дәрет ыдысын (судноны), қолғаптарды, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты , қауіпсіз жоюға арналған контейнерді,кермені,штативті. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз). 2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. 3. Науқас әйелді кермемен оңашалаңыз. 4. Қолыңызды ІІ жуыңыз. Халаттың үстіне клеенкалы алжапқышты және қолыңызға қолғаптарды киіңіз. 5. Науқас әйелдің жамбасының астына клеенканы, жаялықты төсеңіз, оның сегізкөзінің астындағы клеенканың үстіне дәрет ыдысын қойыңыз. 6. Науқасқа шалқасынан жатуға көмектесіңіз, аяқтары тізесінен бүгіліп, аз ғана жан-жаққа ажыратылған болуы керек. 7. Ішінде жылы суы (антисептикалық ерітіндісі) бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын дайындаңыз. 8. Науқас әйелдің оң жағында тұрып, құмыраның немесе Эсмарх крушкасының ұштығын сол қолыңызға ұстап, ал оң қолыңызға дәке салфеткасы қыстырылған корнцангті ұстап, антисептикалық ерітіндіні немесе жылы суды сыртқы жыныс мүшелеріне құйыңыз, ал салфеткамен жоғарыдан төмен қарай ( қасағадан аналь тесігіне қарай) қимыл жасап, сүртіңіз. Сыртқы жыныс мүшелерін келесідегідей ізбе-ізділікпен жуыңыз: қасаға аймағы, үлкен жыныс еріндері, кішкене жыныс еріндері, бұтаралығы және аналь тесігі аймағы, әрбір жоғарыдан төмен түскен қимылдардан кейін сүрткілерді ауыстырып отырыңыз. 9. Құрғақ сүрткімен жыныс мүшелерін және бұтаралықтың терісін тура жоғарыдағыдай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіңіз. 10. Базданудың алдын-алу үшін сүрткіге салынған вазелин майын шат іркілістеріне және аналь тесігі аймағына жағыңыз. 11. Қолданылған сүрткілерді, корнцангты ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. 12. Судноны және клеенканы жинап алыңыз, зарарсыздандырыңыз. 13. Науқасты көрпемен жауып қойыңыз. 14. Кермені жинап алыңыз. 15. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. 8. Ер адамның жыныс мүшесін жуу. Мақсаты: жыныс мүшелері аймағын тазалығын сақтау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларын алдын алу. Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайында. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, корнцангті, сүрткілерді, қолғаптарды, клеенканы, жаялықты, кермені,судноны, жылы суды (t37-38°С)немесе фурациллин ерітіндісін. Іс-әрекег алгоритмі: 1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз). 2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. 3. Науқасты кермемен оңашалаңыз. 4. Қолыңызды ІІ деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. 5. Халі ауыр науқастың сегіз көзі астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеп, судноны қойыңыз. 6. Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін сұрап, аяқтарын аздап екі жаққа ажыратыңыз. 7. Науқастың оң жағынан тұрыңыз. 8. Сүрткіні жылы суда ылғалдатып, оны сығыңыз. 9. Бір қолыңызбен жыныс мүшесін ұстап, оның күпегін жыныс мүшесінің басынан жылжытыңыз. 10. Жыныс мүшесінің басын зәр шығару каналынан бастап, қасаға аймағына қарай бағытта айналмалы қозғалыспен жуыңыз, сүрткілерді ауыстыра отырып, құрғатыңыз. 11. Жыныс мүшесінің күпегін табиғи қалпына қайтарыңыз. 12. Жыныс мүшесінің қалған бөліктерін, ұманың терісін, аналь тесігін мұқият тазалаңыз, шайқаңыз және кептіріңіз. 13.Судноны, клеенканы, жаялықты, қолғаптарды зарарсыздандырыңыз. 14.Сүрткілерді және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 15.Төсек-орнын жазықтап, науқасты жабыңыз. 16.Қолыңызды жуып, кептіріңіз. 17.Кермені жинаңыз. 9. Дәрет ыдысын (судноны) беру. Мақсаты: науқастың физиологиялық бөліністерін шығаруын қамтамасыз ету. Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек және төсек тәртібінде жатқан науқастарға ішетін және қуығын босату кезінде қолданылады. Дайындаңыз: зарарсыздандырылған дәрет ыдысын (судноны), клеенканы, жаялықты, қолғаптарды, кермені, суды, әжетхана қағазын, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз). 2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. 3. Дәрет ыдысын жылы сумен шайып, оның ішінде аздап су қалдырыңыз. 4. Науқасты айналасындағы адамдардан кермемен оңашалаңыз, беліне дейін көрпесін алып немесе қайырып тастаңыз, жамбастың астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. 5. Қолыңызды жуып,қолғапты киіңіз. 6. Науқасқа аздап бір жақ қырына бұрылуына көмектесіңіз, аяқтарын аздап тізесінен бүгіңіз және сандарын екі жаққа алшақтатыңыз. 7. Сол қолды бір бүйірден сегіз көздің астына енгізіп жіберіп, науқасқа жамбасын көтеруге көмектесіңіз. 8. Оң қолмен дәрет ыдысын науқастың бөксесінің астына қарай жақындатып, оны арқасына қарай бұрып, оның бұтаралығы дәрет ыдысы тесігінің тура үстінде болуы қажет, сол кезде жаялықты беліне қарай жылжытыңыз. 9. Науқасты көрпесімен немесе ақжаймасымен жауып, оны жалғыз қалдырыңыз. 10. Науқас дәретке шығып болғаннан соң, науқасты аздап қана бір қырына бұрыңыз, дәрет ыдысын оң қолмен ұстап тұрып, оны науқастың астынан шығарып алыңыз. 11. Аналь тесігі аймағын әжетхана қағазымен сүртіңіз. Қағазды дәрет ыдысына салыңыз. 12. Дәрет ыдысын, клеенканы, жаялықты, кермені жинап алыңыз. Егер қажет болса, ақжаймасын ауыстырыңыз. 13. Науқасқа ыңғайлы жатуға көмектесіңіз, көрпесімен жабыңыз. 14. Дәрет ыдысын жаялықпен немесе клеенкамен жауып, дәрет бөлмесіне алып кетіңіз. 15. Дәрет ыдысының ішіндегісін унитазға төгіңіз, оны ыстық сумен шайқаңыз. 16. Дәрет ыдысын зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа толық батырып салыңыз. 17. Қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. 10. Зәр қабылдағышты беру. Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, науқастың физиологиялық бөліп шығаруларын қамтамасыз ету, зәр бөліп шығаратын жолдардың төменнен жоғарыға көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын алу. Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек және төсек тәртіптерінде жатқан науқастарға қуықты босату кезінде колданылады. Дайындаңыз: зарарсыздандырылған зәр қабылдағышты, залалсыздандырылған дәке сүрткілерін, клеенканы, жаялықты, резеңкі қолғаптарды, кермені, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. 1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз). 2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. 3. Науқасты кермемен оңашалаңыз. 4. Көрпені қайырып тастаңыз, науқастың аяқтарын тізесінен бүгіп, сандарын екі жақка ашуын өтініңіз. Егер ол осыны өз бетімен істей алмайтын жағдайда болса, онда оған көмектесіңіз. 5. Науқастың жамбасының астына клеенканы, содан кейін жаялықты төсеңіз. 6. Қолыңызды жуыңыз, қолғапты киіңіз. 7. Оң қолыңызға зәр қабылдағышты алыңыз және оны науқастың аяқтарының арасына қойыңыз. 8. Сол қолыңызға дәке сүрткілерін алыңыз,онымен науқастың жыныс мүшесін ораңыз. 9. Жыныс мүшесін зәр қабылдағыштың тесігіне енгізіңіз, дәке сүрткілерін алып тастаңыз. 10. Науқасты көрпесімен жабыңыз және оны жалғыз қалдырыңыз. 11. Зәр қабылдағышты, жаялықты, клеенканы жинаңыз. Науқасты жауып, кермені жинап алыңыз. 12. Зәр қабылдағышты, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа дәке_сүрткілерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.237.60 (0.011 с.) |