Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ДИАСТАЗАҒА ЗӘРДІ ЖИНАУ

Поиск

13. ДИАСТАЗАҒА ЗӘРДІ ЖИНАУ

 

Мақсаты: диастазаның мөлшерін анықтау (ұйқы безі ферменттерін).

Қолдану көрсетілімдері: ұйқы безі аурулары (панкреатит), өт жолдары аурулары.

Қажеттілерді дайындау: сыйымдылығы 100-200 мл кең мойынды таза,

құрғақ шыны банкані, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, медбикенің қолы).

Іс әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз.

4. Зәрді жинауға ыдыс беріңіз.

5. Таңертең жаңа бөлінген зәрді 100-200 мл даярланған банкіге жинауын түсіндіріңіз.

6. Жиналған зәрді жылы түрінде 10 минут ішінде зертханаға апарыңыз.

Ескерту:

1. қалыпты зәрде диастаза азғана мөлшерде 16-64 ЕД болады.

2. диастаза санының көбейуі ұйқы безінің патологиясы және өт жолдарының ауруын бар екендігін көрсетеді.

3. бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды.             

14. ҚАНТТЫ АНЫҚТАУҒА ЗӘРДІ ЖИНАУ

Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.

Қолдану көрсетілімдері:қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.

Қажеттілерді дайындау:сыйымдылығы 3л және 200 мл таза, құрғақ шыны банкілерді, мөлшерленген ыдысты, шыны таяқшаны, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, медбикенің қолы), қолғапты.

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз.

4. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

5. Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуын өтінеміз.

6. 3литрлік банкада мөлшер белгісі қойылған (өлшемді флакон көмегімен 100 мл суды құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз 100, 200, 300 мл әрі қарай).

7. Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).   

8. 3 литрлік банкідегі бөлінген бір тәуліктің ішіндегі зәрдің жалпы мөлшерін өлшеңіз.

9. 3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.

10. 100-150 мл зәрді 200 мл банкіге құйыңыз және жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз.

11. Жиналған зәрді клиникалық зертханаға апарыңыз.

12. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

Қалыптағы зәрде глюкоза іздің түрінде болады, 0,02% промильден жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.

Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар).

Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.132.26 (0.009 с.)