Жалпы клиникалыҚ анализге зӘрді жинау
Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбасын микроскоппен қарап баға беру.
Қолдану көрсетілімдері: науқасты жалпы зерттеу.
Қажеттілерді дайындау:сыйымдылығы 100-200 мл кең мойынды таза, құрғақ қақпағы бар шыны банкіні; зәр қабылдағышты немесе судноны, науқасты жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды; жолдаманы жазып, банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, бөлме №, науқастың аты- жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, медбикенің қолы).
Іс- әрекет алгоритмі:
15. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
16. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
17. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз.
18. Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.
19. Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда).
20. Жолдамасы жапсырылған банкіні науқасқа беріңіз.
21. Науқас зәрді өзі жинайтын болған жағадайда, қолын жуып, қолғап киуін түсіндіріңіз.
22. Алдымен таңертең гигиеналық емшара жүргізу іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз (сыртқы жыныс мүшелерін алдынан артына қараған бағытпен жууын).
23. Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс,және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.
24. 100-200 мл зәрді даярланған банкіге жинауын және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтауын түсіндіріңіз.
25. Зәр алынған ыдыстың бетін жауып, салқын жерге қоюын сұраңыз.
26. Қолғапты шешіп, қолын жуып кептіруі тиіс.
27. Ыдыстағы зәрді жолдамасымен қайда апаруды және қандай уақытта, қандай жерге қоюы тиіс және бұл туралы кімге хабарлау керек екенін науқасқа және оның туыстарына түсіндіріңіз.
28. Жиналған зәрді 1 сағат ішінде зертханаға апарыңыз.
Ескерту:
- ауыр науқастар өзі жинай алмайтын жағдайда, медбике өзі алуы тиіс;
- әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады;
- зерттеуге дейін зәрді 1сағаттай салқын жерде сақтайды.
|