Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

НауҚасты ультрадыбыстьіҚ зерттеулерге дайындау

Поиск

іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек

 

Мақсаты: зерттеуге науқасты сапалы дайындауын қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: іш перде қуысы және бүйрек мүшелерінің аурулары.

Қажеттілерді дайындау: дәрігер тағайындаған дәрілерді, сүлгіні, ақ жайманы.Ультрадыбыстық зерттеулерді дәрігер жүргізеді, ал медбике науқасты дайындайды.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз, бет пердені киіңіз.

4. Зерттеу ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіп қойыңыз.

5. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын тамақтану рационынан жел (газ) жинауды болдырмайтын тамақтарды қабылдамайтының науқасқа түсіндіріңіз (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт тағамдары, қара нан, бұршақ тағамдар, жеміс сөктер), таблеткалы іш айдайын дәрілер.

6. Науқас зерттеу қарсынында дәрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын дәрілерді қабылдайды.

7. 8-12 сағат зерттеуге дейін науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы керек.

8. Зерттеу қарсаңында кеште тазарту клизмасын қойыңыз.

9. Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды.

10. Науқас ультрадыбыстық зерттеуге барғанда өзімен бірге сүлгіні және ақ жайманы алады.

11. УДЗкабинетіне науқасты ауру тарихымен ілестіріп апарыңыз.

12. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.

Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге (қуықты, қуық астыбезі, жатыр қосалқылары):

-      науқастың дайындығы іш перде қуысы мүшелерінің УДЗ сияқты жүргізіледі;

-      1-2сағат зерттеу алдында 1,5 л сұйықтықты (газдалмаған су) ішуі қажет екенін науқасқа ескертіп қойыңыз(қуықы толтыру мақсатында);

-      зерттеуге дейін науқас кіші дәретке отырмауын сұраңыз.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.227.46.74 (0.005 с.)