Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай)

Поиск

 

Науқасты жатқызу бір медбикенің көмегімен орындалады.

Мақсаты: төсектегі науқасқа жайлы қалыпты жасау.

Қолдану көрсетілімдері: ойылудың даму қауіп-қатері, жеке бас тазалығын қамтамасыз ету қажеттілігі, төсекте дәрет сындыру, төсектегі енжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, науқасты тамақтандыру, тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйелері аурулары.

Қажеттілерді дайындау: жастықтарды, көрпеден жасалған валикті, табанға арналған тіректі, функциональды немесе жәй кереуетті.

Іс-әрекет алгоритмі:

13. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

14. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

15. Науқасқа ескертіңіз және келісімін алыңыз.

16. Науқасқа психологиялық жайлы жағдайды қамтамасыз етіңіз (палатаға бөтен адамдарды кіргізбеңіз).

17. Науқастың жағдайын және айналадағы жағдайды бағалаңыз.

18. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз (егерде ол болса).

19. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

20. Медбике тұрған қыр жағындағы ұстағышты (поручендерді) түсіріңіз (егерде ол болса).

21. Кереуетті көлденең жағдайға келтіріп, науқасты кереуеттің бас жағына қарай жылжытыңыз.

22. Науқас кереуеттің ортасында арқасымен жатқанына көзіңізді жеткізіңіз, жастықты алыңыз.

23. Науқастың бас жағын 45-60° бұрышпен көтеріңіз (90°-жоғарғы Фаулер қалпы, 30° - төменгі Фаулер қалпы), немесе 3 жастықты салыңыз: кереуеттегі тік отырған адам Фаулер қалпында болады (жоғарлату қалпы өкпедегі ауа алмасуды жақсартады және науқастың қарым-қатынасына ыңғайлы жағдай жасайды).

24. Білек пен қол ұшы астына жастықты салыңыз (егерде науқас ерікті қолын қозғалта алмаса). Білек пен қолдың білезік буын тұсы көтеріңкі және алақандары төмен қаратып орналасқан болуы қажет (төмен қаратып бағытталған қол ауыр қолдың әсерінен болатын иық буынының шығуын алдын алу ескерту, қол мен қол ұшының көк тамырындағы тоқталысты азайту үшін және бүгілетін бұлшық еттердің контрактурасын алдын-ала ескерту). Кереует үстіндегі үстелге жансызданған қолы үшін тірекпен қамтамасыз етіңіз, науқастың қолын тұлғасынан ысырып қойып, шынтақ астына жастықты қойыңыз. Қол ұшын аздап қана жазылдырып, қолдың астына жартылай кесілген резеңке допты салыңыз.

25. Науқастың белінің астына жастықты салыңыз (бел омыртқаларының бүгілісін азайту үшін және бел омыртқасын ұстауға).

26. Науқастың санының астына кішкентай көпшікті немесе валикті салыңыз (дене салмағы әсерінен болатын тізе буыны астындағы күре тамырдың қысылуын және тізе буының қатты жазылуын алдын ала ескерту).

27. Науқастың сирағының төменгі бөлігіне бірнеше қабаттап салынған көрпені (валикті) немесе кішкене жастықты салыңыз (өкшені матраспен ұзақ қыспауын алдын ала ескерту).

28. Өкше астына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге матрацтың ұзақ қысуын алдын ала ескерту).

29. Аяқ басын ұстау үшін 90°бұрышпен тіректі қойыңыз (егерде қажет болса). Аяқ басының сыртқы бүгілісін ұстау үшін тірек қойылады, олардың «салбырауын» алдын ала ескерту. Егерде науқаста гемиплегия (дененің бір жақ жартысының салдануы) бар болса, онда оның табанын жұмсақ көпшікпен тіреу қажет. Қатты тірек бұндай науқастардың бұлшық ет күш қуатын көбейтеді.

30. Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз. Қырындағы ұстағышты(порученді) көтеріңіз.

31. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.118.138.145 (0.005 с.)