Флаконнан дӘрілік ерітіндіні сорып алу
Мақсаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, флакондағы дәрілік ұнтақты, ерітетін ерітіндіні (0,9%натрий хлорид, 0,5%-0,25% новокоин, 1% лидокоин), мақта шариктері, 70% спиртті немесе ылғалданған арнайы спиртті салфетканы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді, процедуралық журналды.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Егу бөлімінің жұмысын ұйымдастырыңыз.
2. Емшараны бастамас бұрын, дәрігер тағайындаған дәрмектерді, дәрігердің ем тағайындаған парағынан іріктеу жасап, процедура журналына жазыңыз.
3. Қажетті дәрмектерді жұмыс столы үстіне жинастырыңыз.
4. Бетперде киіңіз
5. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз
6. Науқасқа тағайындалған дәрмекті салыстыра 3 рет дауыстап оқып шығыңыз. (атын, дозасын, сақталу мерзімін, мөлдірлігін).
7. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).
8. Зарарсыздандыру ертіндісіндегі пинцетті алып, флаконның алюминий (күміс тәрізді) қақпағының ортаңғы бөлігін ашыңыз.
9. Спирттелген мақта шаригімен флаконның резеңке тығынын сүртіңіз. Спиртті кептіріңіз.
10. Құрастырылған шприцті оң қолға ұстап, ІІ саусақпен ине канюласынан, I, III, IV саусақпен цилиндрден ұстаңыз.
11. Ампуладан (флоконнан) ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз).
12. Шприцті 90° бұрышта ұстай отыра, флакон тығынының ортасын инемен тесіп,
флаконға инені 0,5-1,0 мл енгізіңіз.
12. Флаконның түбін жоғары қаратып көтеріңіз. Сол қолдың II және III саусақтары арасына флаконды, IV саусақ - канюляда, I және V саусақтары шприцтің цилиндірінде ұстаңыз. Дәрілік ертіндіні қажет мөлшерде сорып алыңыз.
13. Шприцті тік қалыпта алып, (II саусақты иненің канюлясында, I,III және IV саусақтарды – цилиндрде) ұстап отыра, иненің өткізгіштігін тексеріп, ауаны шығарып алыңыз.
14. Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, ІІ және ІІІ саусақпен цилиндрден ұстап, 1-2 тамшы дәрілік ерітінді бөлінеді. Қорғаныс қақпақшасы инесінен ажыратылмайды.
15.Дайындалған шприцті және спирттелген мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.
Ескерту: антибиотиктерді езгенде № 1,2,3,4,5 пунктерді қараңыз.
1. Антибиотикті 1 мл 100.000 ЕД есебінен еріткішті шприцке сорып алыңыз. (антибиотиктерді еріту ережесін қараңыз).
2. Сол қолға құрғақ антибиотикті флаконымен, ал оң қолға шприцті еріткішпен алыңыз.
3. Шприцті 90° бұрышпен ұстай отыра, флаконның ортасындағы тығынды тесіңіз.Шприцтегі ерітіндіні флаконға енгізіңіз.
4. Флаконды инесімен бірге шприцтен алып тастаңыз, инесіне жанастырмай флаконды бірнеше рет сілкіңіз, антибиотик толық ерігенше.
5. Бір реттік қолданылатын екінші шприцті орауынан босатып, (инесін орауында қалдырып), антибиотиктің дозасымен бірдей ауа сорып алыңыз, оны флаконға енгізіңіз (ерітінді шприцке жеңіл жиналады) және антибиотикке тағайындалған дозаны сорып алыңыз.
6.Флаконнан шприцті шығарып алыңыз, инені ҚЖАК тастаңыз, шприцті орауда тұрған екінші инемен жалғастырыңыз, шприцтен 1-2 тамшы ерітінді бөлу арқылы қауіпсіз қақпақшасын шешпей иненің өткізгіштігін тексереміз.
7. Шприцті дәрілік ерітіндімен қойыңыз, залалсыздандырылған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне тері антисептигінің ерітіндісінде батырып салыңыз.
8. Келесі іс-әрекеттер манипуляцияларға сәйкес орындалады.
|