Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

НАУҚАСТЫ АРҚАСЫМЕН ЖАТҚЫЗУ

Поиск

Мақсаты: төсекте жайлы қалыпты жасау.

Қолдану көрсетілімдері: төсектегі енжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, ойылудың алдын алу.

Қажеттілерді дайындау: функциональды кереуетті, 4 валикті, 2 кішкентай жастықтарды, қол ұшына арналған 2 валикті, аяққа арналған тіректі (құмыбар қапты).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Науқасқа ескертіңіз және келісімін алыңыз.

4. Қолыңызды жуып,кептіріңіз. .

5. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

6. Кереуеттің тежеуішін (тормозын) бекітіңіз.

7. Медбике тұрған қыр жағындағы ұстағышты(порученді) түсіріңіз (егерде ол болса).

8. Төсектегі науқасқа көлденең қалыпты беріңіз.

9. Науқасты арқасымен жатқызыңыз.

10. Науқастың бел аймағы астына кішкене бүктелген жаймалы валикті салыңыз (бел омыртқаларын ұстау үшін).

11. Науқастың бас астына иықтың жоғарғы бөлігі астына кішкентай жастықтарды салыңыз (дененің жоғарғы бөлігін дұрыс орналасуын қамтамасыз ету, мойын омыртқалары аймағының иілу контрактурасын алдын ала ескерту).

12. Санның сыртқы бетіне, ұзын бойына сан сүйегінің ұршық аймағынан бастап валикті салыңыз (санның сыртқы бұрылуын алдын ала ескерту).

13. Сирақтың төменгі үшінші бөлігі аймағына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге қысымды азайту үшін, оларды ойылудан сақтау үшін).

14. Табанға 90° бұрышпен тіректі қойыңыз (сыртқы бүгілуді қамтамасыз ету және аяқтың салбырауын алдын ала ескерту).

15. Науқастың қолын алақанмен төмен аударыңыз және оларды тұлғасына паралельді орналастырыңыз, иық астына кішкентай жастықтарды салыңыз (иықтың артық бұрылуын азайту үшін, шынтақ буынының жазылуын алдын ала ескерту).

16. Науқастың қолының басына валикті салыңыз (саусақтардың жазылуын және басбармақтың бұрылуын азайту үшін).

17. Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз.

18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 52.14.214.105 (0.005 с.)