Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТЕУГЕ «АШЫҚ НӘЖІСТЕН» НӘЖІСТІ

Поиск

60. БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТЕУГЕ «АШЫҚ НӘЖІСТЕН» НӘЖІСТІ

ШЫНЫ ТҮТІККЕ АЛУ

 

Мақсаты: диагностикалық жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтардағы адамдарды (реконвалесцентті) зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу, өткір ішек жұқпалы аурулары.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған шыны түтікті мақта-дәке тампондарымен тығыз жабуға материал алу үшін темір ілмегі өзекке монтаж жасалған, дәрет ыдысын (судноны) немесе горшокты, қолғапты, масканы, форма бойынша жазылған жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандашты), штативті, тасмалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз, бет пердені киіңіз.

4. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

5. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.

6. Шыны түтікті штативке орнатыңыз.

7. Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.

8. Оң қолымен тік ішектік ілгекті шыны түтіктен алыңыз (шыны түтікті тығыз жабқан мақта-дәке тампонын тек қана сыртқы жағынан ұстаңыз).

9. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 грамм әр түрлі жерінен алыңыз.

10. Тік ішектік ілгекті нәжісімен залалсыздандырылған шыны түтік шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай салып, соның ішінде қалдырыңыз. Шыны түтікті тығынымен тығыз жабыңыз.

11. Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.

12. Шыны түтікті штативке, штативті поролонмен тығыздатып бикске қойыңыз.

13. Биксті «тығыздап» жабыңыз.

14. Қолғапты, масканы шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерғе салыңыз.

15. Бикстегі    алынған материалды жолдамасымен 2сағаттан кешіктірмей бактериологиялық зертханаға жеткізіңіз.

Ескерту:

-      нәжісті жинау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектен ілгектің көмегімен;

-      өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабықты алады;

-      материал зертханаға жеткізгенше тоназытқышта t-4-6°С сақталуы қажет;

-      антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.141.29.165 (0.008 с.)