Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ «АШЫҚ НӘЖІСТЕН» НӘЖІСТІ

Поиск

61. БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ «АШЫҚ НӘЖІСТЕН» НӘЖІСТІ

ҚОРЕКТІ ОРТАСЫ БАР ПЕТРИ ТАБАҚШАСЫНА АЛУ

 

Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесценттерді) зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: ішек микрофлорасын анықтау, жедел ішек жұқпалы аурулары.

Қажеттілерді дайындау: қоректі ортасы бар Петри табақшасын, залалсыздандырылған пробиркадан залалды тік ішектік ілгекті, нәжісті алуға арналған дәрет ыдысын (судноны) немесе горшокты, резеңке қолғапты, масканы, форма бойынша жазылған жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандашты), биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз, бет пердені киіңіз.

4. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

5. Жолдама нөмеріне сәйкес нөмерді қоректі ортасы бар Петри табақшасына стеклографпен жазыңыз.

6. Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.

7. Оң қолыңызбен пробиркадан тік ішектік ілгекті алыңыз.

8. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5граммәртүрлі жерінен алыңыз.

9. Петри табақшасының қақпағын жартылай ашыңыз.

10. Петри табақшысының қоректі ортасының бетіне нәжісті келесі реттілікпен енгізіңіз: тік ішектік ілгекпен алынған нәжісті қоректі ортаның бетіне бір қалыпты жағып үйкеңіз (ептеп, қоректі ортаны тырнамай) 1,5-2 см көлемді «тегістік» жасаңыз.

11. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «тегістікке» қоректі ортаның барлық бетіне жиі қатар-қатар жіңішке сызықтармен егіңіз, тік ішектік ілгекті мезгіл-мезгіл өз-өзіне айналдыра бұрыңыз, Петри табақшасының қақпағын жабыңыз.

12. Петри табақшасын өсіндімен бірге t-37°С термостатқа немесе бикске паралонмен тығыздап салыңыз.

13. Биксті «тығындап» жабыңыз.

14. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

15. Бикстегі алынған материалды жолдамасы мен бірге бактериологиялықлабораторияларға апарыңыз.

Ескерту:

-      нәжісті жинау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан. суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектік ілгектің көмегімен;

-      өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабыршықтарды алады;

-      материалды лабораторияға апарғанға дейін тоңазытқышта t-4-6°С сақтайды;

-      антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.147.66.72 (0.007 с.)