Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Тері ішіне инъекцияны ҚоюСодержание книги
Поиск на нашем сайте
27. АНТИБИОТИКТЕРДІ ЕРІТУ. Антибиотиктер кристалды ұнтақ түрінде арнайы флакондарда шығарылады. Оларды қолданар алдында 0,9% залалсыздандырылған изотоникалық натрий хлорид ерітіндісінде, екі рет тазартылған (дистилденген) суда немесе 0,5% және 0,25% новокаин, 1% лидокаин ерітіндісімен ерітеді. Залалсыздандырылған шприцке антибиотиктің дозасына байланысты ерітіндіні сорып алады. Ол мыңдық бірлікке мөлшерленеді (ЕД). Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды. Ерітінділерді даярлап болған соң тез қолданады. Науқасқа тағайындалған антибиотик дозасын енгізу үшін, Медбике антибиотигі бар флаконды алуы қажет, оған ерітіндінің қажетті дозасын енгізеді, сосын ерітілген антибиотиктің тағайындалған дозасын шприцке сорып алып, науқасқа енгізеді. Антибиотикті қолдану нұсқауында осы антибиотикті еріту ережесі әдеттегідей көрсетіледі. Антибиотиктің классикалық ерітіндісі қолданылады: 1мл - 100.000 ЕД және 1мл - 200.000 ЕД. 1. Флаконға енгізуге қажетті ерітіндінің мөлшерін анықтау үшін, флакондағы дозаны еріту дозасына бөлу қажет: - 500.000 ЕД : 10О.ОООЕД = 5 мл (классикалық еріту кезінде); - 500.000 ЕД : 200.000ЕД = 2,5 мл (1 мл - 200.000ЕД еріту кезінде). 2. Антибиотик мөлшерін анықтау үшін науқасқа тағайындалған дозаны қажетті мөлшердегі ерідіндімен еріту қажет - 1 мл - 100.000 ЕД еріту кезінде науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізу тағайындалған, ол 500.000 ЕД : 100.000 ЕД = 5 мл сәйкес келеді; - 1 мл 200.000 ЕД еріту кезінде науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізу тағайындалған, ол 500.000 ЕД : 200.000 ЕД = 2,5 мл сәйкес келеді.
Мақсаты: диагностикалық. Қолдану көрсетілімдері: туберкулезге (Манту. Пирке байқауы), бруцеллезге зерттеу үшін, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін. Қарсы көрсетілімдері: инъекция жасайтын жердің тері асты-май клеткаларының ісінуі, инъекция жасайтын жердегі тері аурулары. Енгізілетін жері: білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі. Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл шприцті, ұзындығы 15 мм инені, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, мақта шариктерін 70% спиртті немесе ылғалданған арнайы спиртті салфетка, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз). 2. Науқастан мәлімет алыңыз (дәрі-дәрмектерге аллергиясы бар жоқтығын анықтаңыз) 3. Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті ақпарат беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. 4. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз. 5. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз. 6. Қажетті мөлшерде дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз, иненің қалпағын кигізіп, ауаны шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз (стандартты қараңыз). 7. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, қолды білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз. 8. Қолыңызды антисептикпен қайта өңдеңіз. 9. Инъекция жасайтын жерді спирттелген екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін салыңыз). 10. Спирттің толық кебуін күтіңіз. 11. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен - иненің канюлясынан, V саусақпен - шприцтің поршенін, III, IV, I саусақтармен - цилиндрдің қыр жағынан ұстаңыз. 12. Сол қолдың саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін төмен қарай тартыңыз. 14. Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (5°С бұрышпен) қатарластыра ине қиығының тереңдігіне (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз. 15. ІІІприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың II, III саусақтарымен цилиндрдің жиегінен ұстап I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз. 16. Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады. 17.Инені канюлясынан ұстап отырып жылдам қозғалыспен шығарыңыз (спирттелген мақта шаригін тері үстіне баспаңыз). 20.Шприцті қақпағын жаппай, мақта шариктерін ҚЖАК салыңыз. 21.Қолғапты шешіп, ҚЖАК тастаңыз. 22.Қолды жууып құрғатыңыз. 23.Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенің науқасқа түсіндіріңіз. Мүмкін болатын асқынулар: нәтижесінің бұрмалануы (тері антисептигінің толық кепкенін күтпегенде)
29. ТЕРІ АСТЫНА ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ Мақсаты: емдік-тері асты майлы тіндерге дәрілік ерітіндіні енгізу, жергілікті жансыздан-дыру. Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы. Қарсы көрсетілімдері: дәрігерлерге аллергиялық реакцияның болуы, инъекция жасайтын жерде кез келген терінің және тері асты майлы тіндердің зақымдануы. Енгізілетін жерлері:иықтың жоғары бөлігі сыртқы беті, санның ортаңғы бөлігі алдыңғы беті, іш перделік беттің алды, жауырын асты. Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл шприцті, ұзындығы 20 мл инені, мақта шариктерін, тері антисептигі, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, 70% спиртті немесе ылғалданған арнайы спиртті салфетка, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз). 2. Науқастан мәлімет алыңыз (дәрі-дәрмектерге аллергиясы бар жоқтығын анықтаңыз) 3.Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті ақпарат беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. 4. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз. 5. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, құрастырыңыз (стандартты қараңыз). 6. Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз). 7. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отырғыңыз немесе жатқызыңыз. 8. Қолыңызды тері антисептигімен қайта өңдеңіз. 9.Спирттелген екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен: ең бірінші үлкен көлемді, сосын тура инъекция жасайтын жерді тазартыңыз (мақта шариктерді контейнерге салыңыз). 10. Сол қолдың ІV - V саусақ арасына тері антисептигімен өңделген үшінші мақта шаригін ұстаңыз. 11. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен - шприцтің поршенін, III, IV, I саусақтармен цилиндрдің төменінен ұстаңыз. 12.Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың I және II саусақтармен иықтың негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз. 13.Тері қыртысының негізіне инені 45° С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 1-1,5 см тереңдікке енгізіңіз, сұқ қол саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз. 14.Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), IІ және IIІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып алып, І саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз. 15.Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз. Науқастың қал жағдайын сұраңыз. 16.Иненің канюлясынан ұстап отырып, инені жылдам қимылмен шығарыңыз. 17.Шприцті қақпағын жаппай, мақта шариктерін ҚЖАК салыңыз. 18.Қолғапты шешіп, ҚЖАК тастаңыз. 19. Қолды жуып, құрғатыңыз. Болатын асқынулар: инфильтрат, абсцесс, дәрілік ерітіндіні қате енгізу, вирустік гепатит, АҚТҚ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, майлы эмболия, сепсис.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.119.162.74 (0.007 с.) |