Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ДӘРІЛІК КЛИЗМАНЫ ҚОЮ

Поиск

 

Мақсаты: емдік: жуан ішекте орналасқан (жергілікті әсері) қабыну процесінде немесе ағзаға толығымен әсер ету (жалпы әсері) мақсатымен, басқа да әдістерімен дәрілерді енгізуге мүмкіншілігі болмаса тік ішек арқылы дәрілік затты енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: тік ішекке жергілікті әсер етуге (қантышқақ, бейспецификалық ойық жаралы колит), жалпы әсерін тигізу үшін құрысып-тырысуда, қозуда, дәрілік затты тік ішекке енгізу.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кетуде, жуан ішек және анус аймағындағы жедел қабыну немесе ойық жара процесінде. Тік ішектің қатерлі ісігінде, ас- қорыту жүйесіне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағының сызатында немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: 50-100 мл дәрілік ерітіндіні, алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, вазелинді, клеенканы, халатты, ал жапқышты, су термометрін, шпательді, қолғапты, жаялықты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқастың аты жөнін сұраңыз, өзіңізді таныстырыңыз.

2. Науқасқа жасалатын емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасты кермемен (ширма) қоршаңыз (егер, емшара палатада орындалса).

4. Кушетка үстіне клеенканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз, оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

5.Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, қолғап, халатты, ал жапқышты киіңіз.

6.Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

7.Дәрілік клизма қояр алдында 20-30 минут бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.

8.«Су» моншасында t-38°С дейін жылытылған 50-100 мл дәрілік ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

9.Жел шығаратын түтіктін домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.

10.Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғы тізе буынан бүгілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.

11.Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен жел шығаратын түтіктің домалақ ұшын абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен анал тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

12.Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шпринінен алдын-ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтікке жалғастырып, дәрілік ерітіндіні жаймен жел шығаратын түтікке аз мөлшерде кішкене қысыммен еңгізіңіз.

13.Жел шығаратын түтіктің ұшына қысқышты салыңыз не қолмен қысыңыз.

14.Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесс Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарыңыз.

15.Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап кысып , оң қолымен жел шығаратын түтікті шығарыңыз.

16.Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

14.Анал тесігі айналасын тазартыңыз.

15.Науқасты ескертіңіз: дәрілік клизма жасағаннан кейін, ол төсекте 1 сағаттай арқасымен немесе сол жақ қырымен жатуы қажет.

16.Халатты, ал жапқышты, қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

17.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: емшара алдында науқас қуығын босатуы керек, іш қатпасы болса алдымен тазалау клизмасы жасалауы тиіс.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.138.134.140 (0.007 с.)