Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сайма – сай тамақтану теориясы ( үшінші заң).

Поиск

57 Сайма – сай тамақтану теориясы ( үшінші заң).

Үшінші заң – тамақтану тәртібін сақтау керек – күн бойы тамақты тұрақты және тиімді бөлу.

Көптеген бақылаулар растағандай, таңертеңгі ас және түскі ас тәуліктегі рацион калориясының жалпы мөлшерінен 2/3 бөлігін, кешкі ас 1/3 бөлігінен кем емес мөлшерде алғанда адам үшін тәртіп едәуір пайдалырақ.

58 Семіру немесе қант диабеті кезінде қантты алмастырушылар (ксилит және сорбит) .

Семіру немесе қант диабеті кезінде қантты ксилит пен сорбитпен алмастыру керек.    Ксилит– бесатомды спирт.Оның дәмі қанттың дәмі сияқты тәтті және суда жақсы ериді. Ксилит бүйректі май басуынан қор,айды. Ол антикетогенді іс әрекетке ие, ішек құрылыстың зәр шығаруына көмектеседі.

Сорбит– алтыатомдық спирт. Оның дәмі қанттан екі есе кем, қанның құрамындағы глюкозаның өсуіне көмегін тигізбейді.                                   Организмдегі сорбит пен ксилиттің ауысуы инсулиннің көмегінсіз-ақ іске асады. Қанттың орнын басушылар тек қант диабетінде ғана қолданылмай, басуға, бүйрек ауруына, зәр шығаруына да үлкен септігін тигізеді.                             

Қазіргі кезде ксилит пен сорбитті кәмпит, шоколад, печенье, т.б. кондитерлік тауарларда да кеңінен қолданылады.                                              Әр түрлі аурулар барысында NaCl қолдануы шектеледі. NaCl орнына тұздың дәмімен сәйкес

59 Теңдестірілген тамақтану теориясы.

Теңдестірілген тамақтану теориясы 200 жыл бұрын пайда болды және соңғы уақыттарға дейін диетологияда кеңінен қолданылды. Теңдестірілген тамақтану теориясының мәні төмендегі ережелерге келтірілген. Азықтық заттардың ағзаға енуі оның шығына сәйкес келсе тамақтану өте жақсы деп есептеледі. Тағам физиологиялық мағынасы әртүрлі бірнеше компонеттерден тұрады: пайдалы, балластылы және зиянды, немесе токсинді. Онда азғада пайда болатын, бірақ оның өмір сүруіне қажетті ауыстырылмайтын заттар да болады. Адамда зат алмасу аминоқышлықтар, моносахаридтер, майлы қышқылдар, витаминдер мен минералды заттардың концентрациясының деңгейімен анықталады, демек элементті (мономерлі) деп аталатын диеталар түзуге болады. Азықты пайдаға жарату ағзаның өзімен жүзеге асырылады.

Теңдестірілген тамақтану теориясының негізінде физикалық жүк, климаттық және басқа да жағдайлар есепке алына отырып тұрғындардың барлық топтары үшін әртүрлі азықтық рациондар жасалды, жаңа азықтық технологиялар құрылды, бұрын белгісіз болып келген аминоқышқылдар, витаминдер, микроэлементтер анықталды. Классикалық теңдестірілген тамақтану теориясы маңызды теориялық және практикалық ережелердің дамуына жағдай жасады, соның ішінде өте жақсы тағам және парентериалды тамақтану туралы ереже де бар. Теңдестірілген тамақтану теориясының дамуына академик А.А.Покровский және оның шәкірттері үлкен үлес қосты.

 

                       

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.139.97.161 (0.006 с.)