Диеталық тағамдарды дайындау ерекшелігі ( қуырылған көкөністен тағамдар-жалпы сипаттама).
16 Диеталық тағамдарды дайындау ерекшелігі ( қуырылған көкөністен тағамдар-жалпы сипаттама).
Диеталық тамақтанудағы тағамдардағы көкөністі қуыру негізгі әдіспен жасаладыы.Көкөністі не шикі , не алдын-ала суда пісірілгенін қуырады.Жеткілікті мөлшерде ылғал мен аз тұрақты протопектині бар көкөністерді: баклажан, картофель, кабачкалар, асқабақ, пияз, қызанақтарды шикі күйінде қуырады.Кабачкалар, баклажандар, асқабақтар, пияздарды алдын-ала ұнда аунатып, содан соң қуырады.Тамыржемістілер (сәбіз,қызылша) мен орамжапырақты көкөністерді қуырмас бұрын не суда пісіреді, не суға салып қояды.Ұсақтап туралған көкөіс массаларына жұмыртқа, манная жармасын, сү, сүзбе қосып пішіндейді(котлеттер, биточкилер, зразалар, оладьи және т.б.), содан соң оларды жұмыртқада, ұнда немесе қатырлақ нандарда аунатып қуырады.
17 Диеталық тағамдарды дайындау ерекшелігі ( құс етінен тағамдар).
Құс еті – емдік тамақтандыру кәсіпорындарында тұрақты қолданылатын нәзік өнім. Ол ақуызға бай, ал керісінше дәнекер ұлпасы аз. Каллоген тұрақсыз және глютинге оңай өтеді. Құс етінің майы тері астына және ішкі мүшелеріне орналасқан, ал қайнатып пісіруде тері астындағы май сорпаға өтеді, сосын ет майсыз болады.
Құс етінен ұтымды тамақтанудағы тағамдардың барлығын да йындайды, тек қуырылған және бұқтырылғанды дайындамайды.
Тағамды қайнатылып пісірілген құс етінен дайындайды. Дайындауда пісіріліп ұсақталған құсты қолданады және консистенциясы көлемді болу үшін көпіршітілген ақуызды қолданады және ақ сүт соусын қосады.
- Қайнатылып пісірілген тауық еті.
- Тауық етінен соус қосылған суфле .
- Тауық етінен кнель. Котлет массасынан нан дайындайды.
- Биточки, котлеттер – панирлеусіз, буда.
№ 2,11,15 диеталар үшін –тағамды қуырудан өткізуге болады.
|