Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Вегетериандық тамақтану.
Вегетериандық тамақтану– ежелгі альтернативті тамақтану теориясы. Бұл шектеулі көлемде жануар тектес өнімдердермен тамақтану. «Вегетериандық» латыннан аударғанда - өсімдік. Таза немесе қатаң вегетериандық ұстанған кезде тағамдық рационнан ет пен балық, сонымен қатар сүт, жұмыртқа, уылдырық шектеледі, ал таза емес вегетериандықта сүт, жұмыртқа, яғни тірі жануардың өнімдері рационға кіреді.
Вегетариандық тамақтану туралы ойлар Пифагор (570-470г) өмір сүрген кезден бері белгілі, бұлар әдетті аралас тамақтанудан бас тартқан. Пифагор 1-ші вегетерианды қауымдастық негізін Кротон қаласында құрған (Оңтүстік Италия). Бұл тамақтану жүйесін белгілі ғалымдар Эпикюр, Платон, Сократ ұстанған. Бұлардын бәрі ұзақ өмір сүрді. Қазіргі кезде олардың 800 миллион белгілі ізбасарлары бар.
Вегетериандықтардың түсінігі бойынша, жануар тектес өнімдер, ас қорыту мүшелерінің құрылымына және функциясына қарсы әсер етеді, ұлпалардың улануын тудырады, ағзаны шлакпен ластайды. Тек қана өсімдік өнімдермен тамақтану таза өмірге әкеледі.
Вегетериандық тамақтану карапайым тамақтанумен салыстырғанда атеросклероздың кауіпін төмендетеді. Вегетериандық диета артериалды қысымды нормаға келтітерді, бұл кезде қанның тұтқырлығы төмендейді, сирегірек ішек карынның ісік аурулары байқалады, сарысудың бөлініп шығуы және де басқа жағымды әсерлер байқалады.
Бірақ көп ғалымдар, тек қана өсімдік өнімдермен ғана тамақтанса, яғни, әсіресе қатал вегетариандықта, ағзаны керекті мөлшерде толық құнды ақуызбен, қаныққан майлы қышқылдармен, темірмен, кейбір дәрумендермен қамтамасыз ету қиынға түседі деп ойлайды, өйткені өсімдіктер кұрамында аталған заттар аз мөлшерде болады. Қатал вегетариандықтың қағидасын ұстанған кезде өсімдік тағамды көп мөлшерде қабылдау керек, яғни олар ағзаны керекті күш-қуатпен қамтамасыз ету керек. Ұзаққа созылған қатал вегетариандықты ұстану асқорыту жүйесіне ауыр тусуі мүмкін, дисбактериоз, гиповитаминоз процесстерін және ақуыздың жеткіліксіздігін жоғарлатады. Ауыр аурулармен, онын ішінде, ісік, қан аурулармен ауратындар пайда болуы мүмкін. Жылдан-жылға қатал вегетариандықтарда темір, цинк, кальций, В1, В12, Д дәрумендердін жетіспеушілігі байкалады. Сондықтан, қатал вегетариандық қысқа мерзімге, контрасты диета ретінде ұсынылады.
Қатал емес вегетариандықта сүт, жұмыртқа арқылы, яғни жануар тектес өнімдермен ағзаға қөптеген құнды заттар түседі. Осындай шарттарда тамақтануды рационалды тамақтану негізінде құрастырса болады.
|