Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Балалардың тамақтануы.

Поиск

Балалардың дұрыс дамуы тек қана бірінші қүнінен бастап тиімді тамақтандыруды ұйымдастырғанда ғана мүмкін, себебі бұл балалардың өмірін және денсаулығын сақтауға бағытталған профилактикалық шара жүйесіндегі ең маңызды және тиімді факторлардын бірі болып табылады. Балалардың тамақтануы өсіп келе жатқан ағзаның қажеттіліктеріне сай болу керек, иммунитетін жоғарлатып, сыртқы ортаның жағымсыз факторларының әсеріне тұрақты болуы керек.

Организмнің өсуі және дамуы кезінде зат алмасу ең жоғары интенсивтілікпен сипатталады, бұл қажетілікті қанағаттандыру, өсу, пластикалық және құрылымдық процесстермен түсіндіріледі.

Балаларда 1 жасқа дейін азот алмасуы 10-12 жасқа қарағанда 2-3 рет жылдамырақ өтеді, үлкендерге қарағанда 4-10 жылдамырақ. Негізгі зат алмасудың салыстырмалы мөлшері килокаллориймен (ккалмен) көрсеткенде 1 кг салмағына көрсетіледі, және де 2-3 жастағы балаларға – 55; 7-6 жастағы - 42; 10-11 жастағы - 33; 12-13 жастағы – 34; үлкендерде – 24 ккал 1 кг салмағына құрайды.

Бала және жасөспірім кездер салыстырмалы жоғары қуат шығынымен сипатталады. Қуат жұмсалуы адамның 1 кг салмағына 1- 5 жасар балаларда 80-100 ккал болады, жас өспірімдерде 13-16 жастағы – 50-65 ккал, үлкендерде - 45 ккал 1 кг салмағына сәйкес.

Негізгі зат алмасуды және қуат жұмсалуды жоғарлатуы ерекше маңызды.

Балалардың тамақтануы ағза үшін жеткілікті мөлшерде ғана болмай, сонымен қатар сапалы нақты құрамды болуы керек, баланың ішек – қарын жолдарының бейімделу мүмкінділігіне және зат алмасу процесстерінің деңгейіне сай болуы қажет. Осыған байланысты әр жасқа ерекше тамақтану формуласы болады, ол зат алмасу ерекшелігімен анықталады.

Тамақтанудың медико-биологиялық аспектеріне сәйкес емшектегі балаларга негізгі нәрлі заттарының нормасы құрастырылған. Бала өмірінің 1 жасының 3 кезеңін ажыратады – 0 – 3 ай, 4-5 ай, 7-8 ай.

Бала өмірінің 1 жасының рационында ақуыз және май мөлшері тамақтандыру түріне байланысты белгілі қатынаста болу керек. Табиғи тамақтану кезінде 3 айға дейін, 4 айдан 6-ға дейін және 7 айдан 12 айға дейін бұл қатынастар келесі – 1:3; 1:2; 1:1,5, және де жасанды тамақтануда - 1:2; 1:1,7; 1:1,5.

Көмірсулар бала өмірінің 1 жасында рационның жалпы калориялығының 55 пайызын құрайды.

Өмірінің бірінші жасынан кейін ішек – қарын жолының қорыту қабілеті жоғарлайды. Тағам қабылдауы жоғарлайды. 1 жастан 3 жасқа дейін балаларда тамаққа қажетілік әлі де жоғары, яғни баланың дене салмағы өсуі жалғасады, қуат шығыны жоғарлайды, себебі олар белсенді қозғалады. Орташа тәуліктік энергетикалық қажеттілігі 6452,6 кДж. Ақуыз қажеттілігі 4г 1 кг дене салмағына. Жануар тектес ақуыздың үлесі жалпы ақуыздан 60-70 пайыздан төмен болмау керек. Майлар арқылы организмнің қуат кажеттілігінің 30 пайызы қанағаттандырылады. Майдың тәуліктік қажеттілігі 40-45г болуы керек. Балалардың 1 жастан 3 жасына дейін негізгі қуаттынын көзі көмірсулар болып табылады. Онын үлесі рационның 40-45 пайызын құрайды. Сіңімді көмірсулармен (глюкоза, фруктоза, сахароза) бірге рационға сіңімсіз көмірсулар 5-10 г төмен емес мөлшерінде ену керек. Өсу процесстері, бала ағзасының дамуы тек қана негізгі пластикалық заттармен ғана қамтамасыз етілмейді, және де одан басқада көп минералды заттармен камтамасыз етіледі, әсіресе келесілер нормаланады:, мг, тәулігіне, кальций – 800, фосфор-800, магний -150, темір – 10. Ең дефицитті элемент – темір. себебі ол негізгі тамақтану өнімдерде аз мөлшерімен, жай және толық емес сіңімділігімен сипатталады. Дәрумендерде қажеттіліктің тәуліктік нормасы: А – 450 мкг; Е – 7мг; Д – 10мкг;, В1 – 0,8мг; В2 - 0,9мг; В12 – 1мкг; РР - 10мг; С -15мг.

Рациондағы өнімнің қатынасы А:М:К – 1:1:4 сай болуы керек. Егер бала толықтыққа бейімді болса, онын рационы келесі қатынаста болуы керек 1:0,8:3

3 жасар баланың тамақтану мерзімі 4 рет болуы керек, сондықтан, таңгы ас пен кешкі ас 25 пайызын құрау керек, түскі ас - 35, бесін ас (полдник) – 15 пайызды құрау керек. 5-ші рет тамақ қабылдау мүмкін, ол 1 стақан сүт немесе айран болу керек.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.221.173.72 (0.007 с.)