Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Емдік тамақтануда дайындалатын сорпалар.

Поиск

Емдік тамақтану (диетотерапия) – бұл әртүрлі ауруларда емдеу мақсатымен тамақтануды қолдану.

Емдік тамақтану аурудың патогенетикалық ерекшелігін, негізгі және қосалқы аурулардың жүру ерекшелігін, ауру адамның талғамы мен ұлттық ерекшелігін есепке алып, арнайы диета түрінде тағайындалады. Емдік тамақтану емдеудің жалпы жоспарымен қатаң келісіледі.. Кейбір жағдайда емдік тамақтану емдеудің негізгі әдісі болып табылады, кейбір жағдайда міндетті емдік фон болып табылады. Кейбір жағдайда жеке көрсеткіштерге байланысты, негізгі диетадан басқа тәуліктік режимдерді – қолданады, яғни контрасты күндер – сүт, сүзбе, алма, қарбыз, картоп болады. Сонымен қатар арнайы күндер – калий, магний күндері тағайындалады.

Адамның даму тарихының ең маңызды мәселесі – тамақтану мәселесі. Организмге қажетті қуатты адамдар тамақ заттарынан алады. Сонымен қатар тағамдық заттар организм ұлпаларының, мүшелерінің негізгі бөлімдерінің жаңаруына жұмсалады, және де өсуі мен дене салмағын жоғарлатады. Сондықтан тамақтың құрамы соның бәрін қамтамасыз ету керек.

Тамақтану – адамның өмірін және де денсаулығын сақтау үшін керек нәрлі заттардың түсу және сіңу процессі.

Соңғы 10 жылда арнайы тамақ туралы ғылым белсенді дамып жатыр – нутрициология. Тамақтануға арналған көп жұмыстарда адамның тағамдық рационын 600 заттар - нутриенттер құрау керек. Олардың 96 пайызының емдік касиеті бар. Тамақ заттарының функционалды касиеттері олардың қандай қатынаста үйлесетіне байланысты болады. Өнімдердін функционалды кабілетін толығырақ қолдану үшін олардың химиялық құрамын, тағамдық, биологиялық және де энергетикалық құндылығын білу керек, және де өнімнің арнайы технологиялық өндеуін білу керек.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.22.66.140 (0.008 с.)