Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

оғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы диеталық тамақтану (№ 7 үстел сипаттамасы).

Поиск

50 Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы диеталық тамақтану (№ 7 үстел сипаттамасы).

Тумысынан бүйрек ауруы, бүйректің жетіспеушілігінен көрсетіледі. Құрамы: вегетарианды сорпалар, сүтті, жеміс-жидекті, майлы емес еттің сорттары, майлы емес балық, нан, ақ нан, қара, сұр нан, күніне 1 жұмыртқа, ботқа күйінде пісірілген макарондар, сүт, ұннан жасалған тағамдар, ірімшік, шикі көкөністер, жеміс-жидектер, ерекше өрік, асқабақ, қарбыз, қауын, қант, бал, варенье. Қаймақ пен кілегейге шек қойылады. Дәмді келтіру үшін тмин қосындысын қосады, кептірілген укроп, лимон қышқылы. Тиым салынатындар: газдалған сусындар, ет, балық, саңырауқұлақ сорпалары, тұздық, тіске басар, қуырылған тағамдар және консервілер.

 

51 Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы диеталық тамақтану (№ 9 диета сипаттамасы).

Диетаның белгіленуі:                                                            

Бұл диета қант диабетімен ауыратындарға кепілдеме, қан айналым процесі жақсарады, иммунитет жоғарылайды, организм ауруға қарсы төтеп бере алады.     

Ортақ сипаттама:                                                                                          Диетаға ұннан жасалған майлы сорпалар, манка ботқасы, күріш, макаронды өнімдер, еттің балық және құс етінің майлары, ащы және тұзды соустар жатпайды. Диетаның негізгі компоненттері болып көміртек саналады.                         

Қант диабетімен ауырғандар көбіне минаралды тұздарға зәру болып келеді. Олардың организмінде калий, магний, фосфор, қола, марганец құрамы болуы тиіс.                                 Тамақтың тәртібі: тамақтану күніне 4-5 реттен кем болмауы тиіс, ол инсулинді және т.б. қантты төмен түсіретін заттардың қолданылуына байланысты.                                 Қолдануға арналған тағамдар:                                                                 

Ет және құс еті – суға пісірілген майлы емес сорттар, кептірілген немесе қуырылған түрде үлкен немесе кішкентай бөлшектерге бөлінген болсын. Балық – майлы емес, суға не буға пісірілген болуы қажет.                           

Сүт және сүтті тағамдар – табиғи және емдік сүт, қышқыл-сүт сусындары, майлы емес ірімшік. Кілегейге шек қойылған. Күніне 1-1,5 жұмыртқа, омлет.               Майлар – тұздалмаған және қайнатылған май, табиғи түрдегі өсімдік майы.               Көміртектің сапасына байланысты жарманы да қолданады. Көбіне қант диабетімен ауыратындарға – қарақұмық ботқасы, бидай, арпа, сұлы және күріш ботқасы ұсынылады.            Нан және ұн өнімдері – қара нан, ақ нан, бидай наны, 2-сорттағы ұннан пісірілген нан.           

Көкөністер – картоп, сәбіз, қызылша және бұршақ. Көкөністі шикі және кептірілген түрінде қолданған дұрыс. Қуырылған түрде сирек қолданған жөн. Тіске басар – винегрет, көкөністен жасалған салаттар, көкөніс уылдырығы, теңіз өнімдерінен жасалған салаттар, тұздалмаған ірімшік.Сорпалар – көкөністік, борщтар, қызылша сорпасы, еттен және көкөністен жасалған сорпалар.     

Соустар – майлы емес, еттен және балық, саңырауқұлақ, көкөніс өнімдерінен құралған тағамдар.    

Жемістер – тәтті тағамдар, тәттілер – қышқыл және қант қосылмаған өнімдер, желе, мустар, компоттар, балға шек қойылады.  Сусындар – шай, кофе сүтпен, көкөністер сусыны.    



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 13.58.26.185 (0.01 с.)