Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Белиптен тағам ерекшелігі.
Кейбір жағдайларда тағамның биологиялық құндылығы мен сіңірілуін арттыру үшін дәстүрлі емес комбинацияларға жүгінеді. Мысалы мұндай өнімге балансталған ақуызды өнім «белипті» жатқызуға болады. Мұндай біріктірілген өнім құрамына бірдей қатынаста теңіз балығының фаршы (треска, окунь, сайды т.б.), және өсімдік майы және майлы емес сүттен жаңа дайындалған ірімшік кіреді.
Белип жоғарға биологиялық құндылығы бар өнімге жатады. Оның құрамында көп кездесе бермейтін аминқышқылдыр (триптофан, лизин, метионин), ауыстырылмайтын полиқанықпаған май қышқылдары, токоферолдар, жеңіл сіңірілетін кальции лактаты және бірқатар микроэлементтер болады. Белипті жарма және көкөніс өнімдерімен бірге пайдалану тағамның биологиялық құндылығы мен сіңімділігін реттейтін маңызды көрсеткіштер мен рационды балансқа келтіреді.
Белиптен әртүрлі аспаздық өнімдер дайындауға болады: паштет, кнель, фрикаделькалар, котлет және т.б. Белипті атеросклероз (№10 диета)6 созылмалы гепотит (№5 диета), асқазан жарасы және ішек аурулары (№1диета), семіздік (№8диета) және де ішкі мүшелердің басқа да аурулары кезінде медициналық көрсеткіштері бойынша ақуыз мөлшерін арттыру үшін пайдалануға болады.
7 Бөлек тамақтану.
Бөлек тамақтану.Алғашқы болып ашқан американың диетологі Г.Шелтон. Оның жүйесі тағамдық өнімдердің үйлесімділігіне негізделген. Ең басты асқазандағы астың қорытылуын қарастырады және тағамдық заттардың өзара әсері мен олардың ас қорыту жүйесіндегі сіңімділігін назарға алмайды. Шелтонннын концепциясы бойынша, ақуызды және крахмалды тамақты бірге жеуге болмайды – ет, балық, жұмыртқа, ірімшік, сүт, нанмен, ұнды өнімдермен және ботқалармен үйлесімді емес. Бұл, ақуыз қышқыл ортада асқазанның төменгі бөлігінде қорытылады, крахмал болса асқазанның жоғарғы бөлігінде сілекей фермент арқылы сілті ортада қорытылады. Қышқыл ортада сілекей ферментерінің белсенділігі төмендейді және крахмалды қорыту тоқтайды. Қышқыл өнімдерді ақуызды және крахмалды тамақпен біріктірмеу керек, өйткені Шелтон бойынша, асқазанның пепсинин бұзады. Қорытындысында ақуызды тамақ шіриді, крахмалды тамақ сіңбейді. Кұмшекерді және тәтті жеміс – жидектерді барлық тамақтардан бөлек жеу керек. Тамақ асқазанда кем дегенде бірнеше сағат болады. Сондықтан ғылыми зерттеуден бұрын халықтық білімділігі бойынша ет пен көкөніс, ботқа мен майды жеу дұрыс. Тамақтанудың әр-түрлігі әр тамақтануда сақталынуы керек. Бөлек тамақтанудың маңызы – асты аз мөлшерде, ал жеміс – жидекті, көкөністі, сүтті көп мөлшерде қолдану.
|