Емдік тамақтанудағы компоттар.
Компоттарды балғын, кептірілген, консервіленген жемістерден және жидектердің әртүрлі қоспасынан сондай-ақ бір түрінен жасайды.
Компот дайындау үшін кептірілген жемістер мен жидектерді таңдап, артық сабақтарын алып, мұқият жылы суда бірнеше рет жуу керек.
Дәмін жақсарту үшін компотты құрғақ жемістерді алдын-ала 10-12 сағат бұрын қайнатқан жөн, өйткені алдын- ала қойылған қайнатпада ароматты және дәмдік заттары шығады(органикалық қышқылдар, минералды тұздар, қанттар), ал жеміс-жидектер қант сиропында сіңіріледі.
Тәтті жеміс-жидектерден жасалған компотқа лимон қышқылын қосады(1л компотка 1 г), суда ерітеді (1:20 қатынасында).
Компоттарды 15°С төмен емес температурада салқындатып жібереді(№1,2,5 – диеталарда 20°С тан төмен емес ) 150-200гр, ал №8,9 диеталарында -150 грамнан бір порцияға жібереді.
34 Емдік тамақтанудағы кремдер және ұрғыланған кілегейлер.
Кремді қою кілегейден (майлылығы 35% -дан кем емес) немесе майлылығы 36% болатын жұмыртқа қосылған қаймақтан, сүттен, қанттан, жеміс-жидек езіндісінен немесе желатиннен, сонымен бірге әртүрлі дәмдік және ароматты өнімдерден дайындайды.
Суытылған кілегйді көпіршітіп қою көбік пайда болғанша ұрғылайды.,желатин,ванилин, миндаль, желатин және басқа да ароматты қоспалары қосылған жұмыртқалы-сүтті қоспаны қосады. Желатинді қолданбас бұрын сегіз есе қайнатылып суытылған суда 1-1,5 сағатқа көтерілгенше қойып қояды. Содан соң көтерілген желатинді қайнауына жеткізіп және жеңіл суытады.
Кремдері әртүрлі формаларға немесе порциялық ыдстарға құйып суытады. Жіберер кезінде оны креманкаларға порциясына 75,100 және 150 грамнан құйып жібереді .Кремді сироппен, соуспен, шырынмен және т.б береді.Кремді сонымен бірге жұмыртқалы-сүтті қоспасыз да дайындауға болады.
|