Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сайма – сай тамақтану теориясы (екінші заң).

Поиск

Екінші заң – ағзаға келіп түсетін ақуыздар, майлар, көміртектер, витаминдер, минералды заттар және балластылы заттар арасындағы тепе-теңдікті сақтау керек.

Осы заңға сәйкес адам қандай да бір азық-түлікті емес, ондағы азықтық заттардың білгілі бір ара қатынасын қажет етеді.

Әрбір азықтық өнім биологиялық құндылығы көрсеткіштері бойынша сипатталады. Бір өнімдерде ауыстырылмайтын (эссенциалды) аминоқышқылдар (мәселен, сүт), басқаларында – ауыстырылмайтын (эссенциалды) майлы қышқылдар (өсімдік майларында) көп болуы мүмкін.

Тағамның азықтық құндылығы, сондай-ақ, онда физиологиялық белсенді қоспалардың құрамында болуына байланысты. Мәселен, ет және балықтың экстрактивті заттары, алкалоидтер мен ас қорыту процесіне әсер ететін эфир майлары, специялар, және көптеген басқалар. Тағамда эссенциалды факторлар көп болған сайы, яғни, биологиялық құндылығы жоғары болса, ол соғұрлым пайдалырақ деп тұжырымдауға болады. Бірақ, эссенциалды факторлардың көп болуы жетіспеушілігі тәрізді зиянды болады, ал өте көп болуы – улы.

Қазіргі заманғы пікірге сәйкес дені сау адамның тәуліктік рационы ақуыздар, майлар және көміртектердің 1:1,2:2,4 ара-қатынаста болуы керек. Мұндай арақатынас ағзаның қуатты және пластикалық қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруда едәуір қолайлы. Белоктар тағамның жалпы калориялылығынан шашамен 12%, майлар – 30-35% болуы керек. Көміртектерге азық рационы калориялылығынан 56...58% келеді.

Медицина ғылымдары академиясының Тамақтану Институтының басшылығымен елдің бірқатар институттарының көп жылғы жұмысының нәтижесінде теңдестірілген тамақтанудың негізгі концепцияларына сүйенетін «Халықтың әртүрлі топтары үшін азықтық заттар мен қуаттан физиологиялық қажеттіліктері нормалары» жасап шығарылды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.149.251.198 (0.006 с.)