рғақ гемотогеннен тағамдар дайындау.
52 Құрғақ гемотогеннен тағамдар дайындау.
Құрғақ гемотоген құрамында 80%-дан жоғары толық құнды ақуыз бен жеңіл сіңірілетін темір мен бірқатар витаминдер болатын сойлған жануарлардың (ірі қара, шошқа) кептірілген қаны болып табылады. Гемотогеннен тағамдар қан аздық және тәбеттің төмендеуі кезінде ұсынылады. Тағам дайындау үшін ұнтақ түріндегі құрғақ гемотоген пайдалынылады. Ұнтақты суық суға біртекті масса болғанша араластыра отырып салады, содан кейін 15-30минут ісінуіне жеткізіп, тұз салып ұйытады.
Гемотогеннен омлет. Гемотоген ұнтағын суға салып (10г ұнтақ 80г суға)қойып қояды. Алынған гемтогенді қоспаға 1г тұз және аз мөлшерде бұрыш қосып, майланған табағы қою болғанша пісіреді. Алынған массаны пассерленген пиязбен араластырады. Содан кейін қыздыру шкафында дайындығына жеткізеді.
Ұсақ етіп туралған омлетті біріншілік тағамдарға, ботқаларға, картоп пюресіне, құймаққа фарш ретінде , запеканка, зраз, голубцы т.б.пайдалануға болады. Гемотогенді фаршты ашытқы жармасын (гемотоген-40г, ашытқы жармасы-30г) қосып дайындалады.
Гемотогеннен бисквит. Ісінген гемотогенді қоспаны қою созылмалы масса болғанша араластырады және қант, ұн, ванилин қосып, сухари себілген майлы қағазы бар формаға немесе противенге салып қуыру шкафында пісіреді. Жіберер кезде қант пудрасын себеді.
Гемотогеннен пирожный. Пісіріліп суытылған бисквиттен жоғарғы қабатын кесіп алып, 2-3 қабат етіп алады да ортасына көпіршітілген кілегей немесе жеміс-жидек пюресін жағады. өнімнің бетіне қант пудрасымен немесе көпіршітілген кілегеймен жауып порцияларға бөледі.
53 Сайма – сай тамақтану теориясы (бесінші заң).
54 Сайма – сай тамақтану теориясы (бірінші заң).
Бірінші заң – тамақпен келетін қуат (тағамны калориялылығы) пен ағзаның қуат шығындары арасындағы тепе-теңдікті сақтау керек.
Тыныштық және қолайлы температуралық жағдайларда ересек адамның қуат шығыны тәулігіне 1300...1900 ккал құрайды, бұл негізгі алмасуға сәйкес келеді. Мәселен, салмағы 80 кг еркектің негізгі алмасуы 1920 ккалға тең болады. Кез-келген физикалық және ақыл-ой еңбек қосымша шығындарды талап етеді – 4000...5000 ккал.
Негізгі қуат материалын майлар, ақуыздар және көміртектер береді. Тағамдағы 1 г ақуыз ағзаны 4,0 ккал (16,7 кДж), 1 г майлар – 9,0 ккал (37,3 кДж), ал 1 г көміртектер – 3,75 ккал (15,7 кДж) қамтамасыз етеді деп есептеледі. Сонымен, тағамның химиялық құрамын біле тұра кез-келген азық немесе диетаның калориялылығын есептеуге болады.
|