Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жеке тамақтану концепциясы.

Поиск

38 Жеке тамақтану концепциясы.

Жеке тамақтану концепциясы. Қолданыстағы тамақтану нормалары қуаттық шығындар, жынысы және жасын ескере отырып жасалған, бірақ, кейбір мамандар мұндай рекомендацияларды тым жалпы, бастапқы тамақтану нормаларын халықтың ең кішігірім топтарына ғана ұсынуға болады деп есептейді. Шын мәнінде, бір жастағы, жынысы бір адамдар, тіпті ұқсас жағдайларда өмір сүргенімен, біркелкі жиынтық емес және сондықтан да әр адамның жекеше ерекшеліктерін ескеру керек.

Тамақты жекелендіру генетикалық ауытқулардың профилкатикасы мақсатында адамның генетикалық ерекшеліктерінде ғана пайдалануға болады – бұл 21 ғасырдың басына әбден қол жеткізуге болатын мақсат.

 

39 Заманауи нутрициология қамтамасыз ететін адам ағзасының функциялары.

Заманауи нутрициология толыққұнды тағамдарды таниды, ол ағзаның келесі 6 функциясын қамтамасыз етеді:

- энергетикалық – көмірсулар, майлар және ақуыздар есебінен қамтамасыз етіледі;

- пластикалық – жасушалар мен ұлпалардың құрылуы мен жаңаруын қамтамасыз етеді. негізінен ақуыздар есебінен, аз дәрежеде минералды заттар, майлар, көмірсулер есебінен қамтамасыз етіледі;

- биореттеу – ферменттер мен гормондар түзуге қатысумен анықталады. Оны жүзеге асыру үшін ақуыздар мен дәрумендер қажет;

- бейімделу-реттеу – ағзаның маңызды жүйелерінің қалыпты әрекетіне ықпал етеді (тамақтану, бөлу, термореттеу). Су, тағамдық талшықтар және басқа нутриенттер есебінен қамтамасыз етіледі;

- қорғау-реабилитациялық – ағзаның төзімділігін арттырудан тұрады. Әртүрлі тамақтану рациондарының профилактикалық және емдік қасиеттері есебінен қамтамасыз етеді;

- сигналдық-мотивациялық – татымдықтарды және басқа да дәмдік заттарды тұтыну кезінде тәбеттің артуына негізделген.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 52.15.224.97 (0.005 с.)