Кебек қосылған тағамдар дайындау.
40 Кебек қосылған тағамдар дайындау.
Бидай кебегі клетчаткаға бай, сонымен қатар құрамында көп мөлшерде магнии тұздары мен В тобы витаминдері болады.
Кебекті өнімдер гипертониялық аурулармен (магнии тұздары), іштің қатуы (клетчатка), сонымен қатар қант диабеті кезінде ұсынылады. Көмірсуларға шектеу қойылған диеталарға арнайы әдіспен өңделіп,крахмалы жуылған көмірсуы жок кебек пайдаланылады.
41 Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы диеталық тамақтану (№ 1 диета сипаттамасы).
Диетаның қолданылуы: асқазан жарасы кезінде, ішек аурулары, ауыр және қиын түрдегі гастрит ауруында дәрігердің нұсқауымен қолданылады. Ортақ мінездеме
Диетада көп калориясы бар тағамдар және қорытуға келмейтін тамақтарды қолдануға рұқсат етілмейді. Тамақты майдалап тураған күйінде, суға пісірілген кейіпте жейді. Химиялық қосындыларға – балық, ет, саңырауқұлақ, көкөніс тағамдарының қоспасы, қуырылған және суға пісірілген ет, көкөніс тағамдары және т.б. көптеген тағамдар жатады. Механикалық қосындыларға – кептірілген көкөністер мен жемістер, жасушаға байланысты тағамдар жатады. Бұл тағамдардан майлы еттер және балықтар мен құстардың терісі алынып тасталады. Термиялық қосындыларға – өте суық тағамдар, мысалы: балмұздақ, сонымен қатар өте ыстық тағамдар жатады.
Қолдануға арналған тағамдар: Ет және құс еті – майлы емес сорттар. Еттен және құс етінен жасалған тағамдар – суға пісірілген күйде ғана қоладнылады. Котлеттен жасалған тағамдар + бірнеше порция, піскен еттен жасалған – гуляш. Майлы емес балықтар, котлет – суға не парға пісірілген болуы қажет.
Сүт және сүтті тағамдар – сүт табиғи дәрумені көп, қайнатылған кілегей, айран,т.б.
Жұмыртқа – күнде толық қуырылмаған күйде не амлет ретінде және суфле.
Майлар – тұздалмаған, қайнатылған май, өсімдік майы. Макаронды тағамдар – күріш, қарақұмық, манка және бидай ботқасы суға немес сүтке пісірілген. Нан және ұннан жасалған тағамдар – бидай наны, 1 және 2-сорттағы тоқаштар, кептірілген нан, печенье,т.б. Көкөністер – сәбіз, қызылша, асқабақ, салат, ерте піскен патисон, т.б. – суға не езіп пісіреді.
Тіске басар (закуски) – диеталық паштет еттен және бүйректен, піскен тіл, етті ірімшік, көкөністер мен жемістер. Сорпалар – сүттен және түрлі көкөніс тағамдарына. Сорпаны маймен немесе жұмыртқаның ақуызымен, кілегеймен дәмдейді.
|