Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Емдік тамақтанудағы пудингтер, қуырылған нандар және тәтті тағамдар.

Поиск

35 Емдік тамақтанудағы пудингтер, қуырылған нандар және тәтті тағамдар.

Пудингтер және қуырылған нандар бұл - тәтті ыстық тағамдар. Ұрғыланған жұмыртқа ақуызы- барлық пудинг негізі болып табылдаы. Олар бұйымдарға қажетті көтерілуді және шұрықтылықты береді.

Пудингтерге ақуызды мұқият ұрғылау керек.Ол үшін ақуыздан сарыуызын мұқият ажыратып алу керек(сарыуыз қатысуында ақуыз нашар ұрғыланады). Жұмыртқа ақуызын суытады және қою көбік болғанша ақырын ұрғылайды., содан соң ұрғылау қарқынын жылдамдатады.Ақуыздарды басқа өнімдермен жоғарыдан төмен қарай басылып қалмас үшін ақырындап біріктіреді.

Тәтті тағамдарды тосаптармен немесе рафинад пудрасымен, тәтті соустармен порциясына 100-230 грамнан жібереді.

36 Емдік тамақтанудағы салқын тағамдар мен басытқылар.

Басытқыларды тамақтану алдында жібереді, өйткені олар тәбетті ашады және рационды толықтырады.Салқын тағамдар басытқыларға қарағанда олар негізгі тамақ ретінде таңғы және кешкі асқа беруге болады, көлемі және сіңімділігі бойныша басытқыларға қарағанда оларда көбірек.Салқын тағам мен басытқыларға: бутербродтар, балғын және қайнатылған көкеністерден жасалған салаттар, балықтардан және теңіз өнімдерінен , ет, құсетінен, ірімшіктен жасалынған тамақтар мен басытқылар жатады.

Салқын және басытқылар үшін өнімдердің салқын және жылулық өңдеу дәстүрлі технологиялық өңдеу жолымен бірдей болады. Оны дайындау негізінде санитарлық нормаларды сақтау, тасымалдау кезінде аса көңіл бөлу керек.Әсіресе бұл жылулық өңделмейтін өнімдерді тамақ құрамына қосатын болса онда оны қолмен жұмыс істеу операцияларын азайтып (кесуге, қоюға, мөлшерлеуге арналған механикалық қондырғылармен ) механикалық өңдеу барынша жылулық өңдеудің алдында (мысалға көкеністерді қайнатпас бұрын тазалап,кесу) жылы және салқын өнімдерді бірге қосуға болмайды, өйткені ол дәміне, тез бұзылуына алып келеді, тамақты жіберер алдында (қаймақпен, майонезбен, өсімдік майымен) араластырады. Жылулық өңдеудің негізгі режимдеріне және жартылайфабрикаттардың сақтау мерзімін аса қадағалау қажет.

Бутербродтар барлық диета түрлерінде жіберіледі, тек №1 а,1б, 4,13 диеталарда жіберілмейді. №1 диетаға бутербродтарда кем дегенде 2 тұрған наннан жасайды. Диеталық тамақтануға арналған бутербродтардың дайындалу технологиясы дәстүрлі дайындалу технологиясынан айырмашылығы жоқ.Дегенмен жеңіл диетаға бутербродтарды өткізілген массадан: шұжық немесе ветчинаны еттартқыштан өткізіп сары майда, сырда, шабақ майымен, «океан» пастасында т.с.с езеді

Балғын көкеністен және жемістерден салатты дәстүрлі технология бойынша балғын, ашыиылған, тұздалған, маринадталған көкеністерден, сонымен бірге жеміс-жидектерден дайындайды.Біріншілік өңдеуден кейін көкөністер мен жемістерді кеседі, араластырады және жіберер алдында өсімдік майымен, қаймақпен немесе 2%-қ лимон қышқылының ерітіндісімен араластырады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.22.217.193 (0.006 с.)