Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Алиментарлы аурулар және олардың 4 патологиялық жағдайы.

Поиск

Алиментарлы аурулар тағамның негізгі компонентерінің жетіспеушілік не артықшылық себебінен пайда болады, және де сіңіру процесстері бұзылғанда пайда болады.

ВОЗ дұрыс емес тамақтанудың 4 патологиялық жағдайын белгіледі:

1) тойып жей алмау – ұзақ уақыт бойы саны мен сапасы төмен тағамды жеу

2) артық жеу – артық мөлшерде тағамды жеу

3) жеткіліксіздің спецификалық формасы – бір не бірнеше тағамдық заттардың біршама не абсолюттік жеткіліксіздігі

4) теңгерімсіздік – рационда тағамдық заттардын дұрыс емес қатынасы

 Тойып жей алмаудың ауруларына ақуызды-энергетикалық жетіспеушілігімен байланысты аурулар жатады – кахексия, квашиоркор, маразм, алиментарлы дистрофия, авитаминоз.

Ақуызды-энергетикалық жетіспеушіліктен балаларда квашиоркор пайда болады – «кызыл бала» басқаша «емшектен алынған бала». Тағамдық рационда жануар тектес ақуыздың дефицитының нәтижесінде пайда болатын ауру, ілеспелі фактор – В витаминді комплексінің жетіспеушілігі. Аурулардың жасы – 6 айдан 4 жылға дейін. Квашиоркор баланың өсуін және дамуын кешіктіреді, тері және шаш түсі өзгереді (бетте, аяқта, ішінде қызыл түстер байқалады, шаш ағарады), шырышты қабық өзгереді, көп жүйелердің функциясы нашарлайды, әсіресе ас қорыту. Ауыр жағдайда квашиоркордың белгісі – психикалық босау және ісіну.

Келесі топ – жүкті әйелдер. Ақуыздық жетіспеушілік жалпы тамақ жетіспегенде пайда болады, және де гипопротеинемиямен, қаннын оттекті-осмотикалық кысымы төмендеумен сипатталды және де «аш ісіну» пайда болады. Бұл жағдай алиментарлы дистрофиямен сипатталады.

Тойып жей алмаудың ауруларына авитаминоз, гипо- және субгипоавитаминоз (полиневрит, цинга, остеопороз, рахит) жатады. Осымен бірге дамитын патологиялық жағдайда организмнің инфекцияға қарсы тұру кабілеті төмендейді, жұмысқа кабілеті төмендейді, еске сақтау кабілеті төмендейді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.147.63.0 (0.006 с.)