Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Адам тамақтануының тарихи аспектілері.

Поиск

Адамның тағамдық рационы 600-ден астам нутриенттерден тұруы керек. Олардың 95%-ы емдік-профилактикалық қасиеттерге ие. Олардың мөлшері мен қатынасына өнімнің емдәмдік сапасы тәуелді.Сарапшылардың талдауы бойынша қазіргі уақытта Жер шарының 17%-ы жеткілікті тамақтанбайды, ал жақын онжылдықта бұл көрсеткіш 25%-ға өсуі мүмкін. Дұрыс тамақтанбаудан Жер шарында шамамен жыл сайын 5млн. адам қайтыс болуда.Әрбір ісік ауруының үшіншісі ,жүрек-тамыр ауруының екіншісі дұрыс тамақтанбаудан туындаған. Халықтың рационалды салауатты тамақтануындағы ерекше роль жаңа, құрамы бойынша теңгерілген, функционалды құрам бөліктермен байытылған өнімдерді құруға бағытталған.

Салауатты тамақтану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары:

- сапалы жаңа тамақ өнімдерін өндіру технологиясын құру, соның ішінде: әртүрлі жас халық топтарына арналған жаппай тұтыну өнімдері;

- әртүрлі аурулардың алдын-алу және ағзаның қорғау функциясын нығайтуға арналған емдік-профилактикалық өнімдер құру;

- экстрималды жағдайда болатын белгілі бір халық тобы мен әскери қызметтегі адамдарға арналған тамақ өнімдері;

- өнімдерді мирко- және макроэлементтермен байыту, биологиялық белсенді қоспалар өндірісін кеңейту.

Өзекті мәселе – тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі, тамақ өнімдері өндірісі мен тұтынуды ұдайы бақылау.

Соңғы жылдары гендік модификацияланған немесе трансгенді өсімдіктерден өндірілген тамақ өнімдерін өндірумен байланысты биологиялық қауіпсіздік маңызды рольді алуда. Соңғы 2 жылда әлемде трансгенді соя, жүгері, томат, картоп өсіру ауданы 20 есе өсті.

Егер 1990-1997 ж.ж. халықтың тамақ өнімдеріне минималды қажеттілігін қамтамасыз ету мәселесі тұрса, 2000-2002 ж.ж. өндірістік ауқымда емдәмдік, балалар және героемдәмдік өнімдерді өндіру қалпына келтіру мүмкіндігі туындады.

Толық құнсыз тамақтану кезінде заталмасу, асқорту, жүрек-тамыр, жүйке және басқа да жүйелердің қызметі бұзылады. Сондықтан адамдардың тағамдық рационы белгілі бір мөлшерде ақуыздардан, майлардан, көмірсулардан, минералды заттардан, микро- және макроэлементтерден, дәрумендерден тұру керек.

Барлық тамақ өнімдерін екі үлкен топқа бөлуге болады:

1. жалпы тағайындалған өнімдер;

2. функционалды тамақтану өнімдері.

Халықтың тамақтануы – маңызды әлеуметтік мәселе. Адамдардың толыққұнды тамақтануынан олардың тіршілігі тәуелді.

Орыс физиологы И.П. Павлов (1849-1936ж.ж.) ойынша, тамақ адам денсаулығы мен өмірінің толыққұндылығын анықтайтын барлық факторларынан да басым.

Орыс физиологиялық мектептің негізін салушы И.М. Сеченев (1829-1905ж.ж.) ағзадағы зат алмасуды және тамақ өнімдерінің өзгеруін зерттеді. Дәрумендер туралы ілімнің негізін салушы орыс ғалымы Н.И. Лунин болып табылады. Академик А.А. Покровский (1916-1976ж.ж.) алғаш рет теңгерілген тамақтануды ұсынып, концепциясын негіздеді. М.И. Певзнер (1872-1952ж.ж.) отандық емдәмдік терапияның негізін салушылардың бірі болды.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.133.148.180 (0.007 с.)